Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2016 жылы селолық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жұмысы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларына, Стратегиялық бағдарламалар мен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясындағы кешенді жоспарына сәйкес жүргізілді.

Бюджет. 2016 жылы бюджеттің шығыс бөлігі іс жүзінде толығымен игерілді. Мектепке дейінгі білім беру саласына 32,92% жіберілді.

Бес институционалдық реформаның бесінші реформасы – транспарентті есеп беруші мемлекет қалыптастыру. 2016 жылы ауылдық округтің өзін-өзі басқару шоттарына нақты түскені – 20835273 теңге, оның ішінде пайдаланылғаны – 20777350 теңге. 2016 жылғы 1-қаңтардан бастап бөлінген трансферттер – 19741000 теңге.

Кәсіпкерлік. Белсенді кәсіпкерлік субъектілері 134 бірлікке жетті. Осы салада жұмыс істейтіндер – 402 адам.

Шағын несиелік ұйымдар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау қорлары, "Даму", "Демеу" АНС арқылы 16 азамат 49 млн. 300 мың теңгемен қаржыландырылды. "Бизнестің Жол картасы-2020" Бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы 2 жоба мақұлданған – "Пахарь" ШҚ ЖШС – тауарлы-сүт фермасы 1200 бас, жалпы сомасы 2 млрд. 240 млн. теңге, "Хаирбаев" ЖК – наубайхананы кеңейту және қайта жаңғырту 10 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі – 13,2 ц/га, картоп саны – 250 ц/га, көкөніс – 270 га/ц.

Барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары субсидия алды, сатып алынған гербицидтер мен тұқымдар жалпы сомасы 40,8 млн. теңге.

Жем-шөп өнімділігі далада – 6,5 ц/га, алқаптарда – 17,0 ц/га, пішендеме – 5,9 мың тонна, сүрлем – 29,9 мың тонна, шөп – 10,5 мың тонна, сабан – 3,1 мың тоннаны құрады.

АШТӨ сатып алған ауыл шаруашылығы техникасы – 4 дана, сомасы -69,3 млн. теңге.

Көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 3 АШТӨ-ге 12,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша "Жумабеков" ЖК жалпы сомасы 10 млн. теңгеге 51 бас ірі қара мал сатып алды.

"Пахарь" ШҚ ЖШС 2 астық комбайны мен бір сәбіз теру комбайнын сатып алды.  Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлы көрсеткіштер орындалды.

2016-2020 жылдарға даму бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. 2017 жылы өсімдік және мал шаруашылығын өркендету бойынша бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Білім. ҰБТ қорытындысы бойынша, 2016 жылы Железин №1 ЖББОМ 79,8 балл, Железин №2 ЖББОМ 77,6 балл, Железин №3 ЖББОМ 97,9 балл орташа көрсеткішке қол жеткізген. "Алтын белгі" иегерлері жоқ. Үш мектепте бір-бірден үздік аттестат иегерлері анықталды. Округтің барлық мектептерінде, Моисеевка ЖББНМ-нан басқа, ағымдағы жөндеу жүргізілді, жалпы сомасы – 1444 мың теңге.

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша, Железин №1 ЖББОМ-нің жұмсақ жабындысын ағымдағы жөндеу (600,0 мың теңге) және Железин № 2 ЖББОМ-ге пластикалық терезелер орнату (1900,0 мың теңге) жұмыстары жасалды.

Железинка №3 ЖББОМ 2912,0 мың теңгеге робототехника кабинеті сатып алынды.

Железинка №1 ЖББОМ шатырына күрделі жөндеу және терезе блоктарын ауыстыруға 1379,0 мың теңгеге және Железин №3 ЖББОМ жұмсақ жабындысын күрделі жөндеу және есіктерді, жуынатын бөлме мен дәретханаларды жөндеуге 738,0 мың теңгеге ЖСҚ жасалған.

Железин аграрлы-техникалық колледжі мемлекеттік лицензия негізінде техникалық және кәсіптік білім беруді жүзеге асырады.

2016-2017 оқу жылында оқушылар контингенті – 114 адам. Оқыту екі мамандық бойынша жүргізіледі: «Дәнекерлеу» - «Электрмен және газбен дәнекерлеуші» біліктілігі,

«Фермер шаруашылығы» - «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі», «Аспаз» біліктілігі.

2016 жылғы түлектер саны – 45. Түлектерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру 63%-ды құрады.

Әлеуметтік сала. 2016 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға 1276,4 теңге жәрдемақы төленді.

Анықтама бойынша ӘДК – 10 адамға (еңбекке жарамсыз) 711,5 мың теңге, туберкулезбен ауыратындар - 12 адам (1200,0 мың теңге), жүктілігі бойынша (12 аптаға дейін) есепке қою) 9 адам (314,9 мың теңге) төленді.

Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 20 адам жұмысқа орналастырылды, 2-ші бағыты бойынша 16 азамат несие алды, жалпы сомасы – 49 млн. 300 мың теңге, 3-ші бағыты бойынша 71 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, 3 адам тракторшы-машинист мамандығы бойынша даярлауға және қайта даярлауға, 14 адам жастар тәжірибесіне, 93 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Железинка ауылдық округі бойынша 36 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі, оның ішінде ҰОС қатысушы – 1 адам, жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт азаматтар – 18 адам, мүгедектер (1 және 2-топ) – 12 адам, мүгедек балалар – 5 адам.

Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау нысандарының саны – 5. Туберкулезге қарсы кабинет – 1. Медициналық пункт – 4. медицина қызметкерлерінің саны – 90 адам, оның ішінде ОАА дәрігерлері – 19, орта медициналық қызметкерлер – 67, медициналық қызметшілер – 4. 2016 жылы 1-терапевт, 2 жалпы тәжірибе дәрігері, 2 медбике (МБ) – 1 фельдшер,1 медбике.

2016 жылы бала өлімі – 2 (12,20), 2015 жылмен салыстырғанда 1 (5,65), ана өлімі болған жоқ. Туберкулезден қайтыс болғандар – 21 (155,7), 2015 жылы – 19 (139,9). Жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттанудан қайтыс болғандар – 5(74,1), 2015 жылғы көрсеткіш – 14 (88,5).

Туберкулезбен сырқаттанушылар – 4 (29,6), 2015 жылғы ұқсас кезеңінде – 7(51,5), қатерлі ісік ауруына шалдыққандар – 46 (341,0), 2015 жылы – 31 (228,2). Медициналық пункттер дәрі-дәрмектермен 100%жабдықталған.

Мәдениет және спорт. Округте 3 ауылдық мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері жалпы 1200 іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Республикалық, облыстық конкурстарда жүлделі орынға ие болған таланттар – Ақжол Әбдіреев (халықаралық фестиваль лауреаты), Мугамарова Айдана (Наурыз аруы), Аққайың ауылынан Мейрам отбасы (отбасылық сайыс), Нурмаканова Анель («Айгөлек» конкурсы), Асель Ханенко (Күз ханшайымы конкурс). Округ тұрғындарының 30% дене шынықтыру және спортпен айналысады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық, ауылдық деңгейде 14 спорттық іс-шаралар (футбол, волейбол, дойбы, шахмат, тоғызкұмалақ, асық ату) өткізіліп, округ жүлделі орынға ие болды.

Құрылыс. Ағымдағы жылы Железин ауылдық округінің Пятерыжск ауылында (құрылыс салушы – «Пахарь» ШҚ ЖШС) және Железинка селосында автобөлшектер дүкені (ЖК "Шавриков"), екі 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

2017 жылға Железин ауылдық округінде бұрынғы туберкулезге қарсы аурухананы қайта жаңарту, жатақхана (10 пәтер), екі пәтерлік тұрғын үй және ветеринарлық пункт салу жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 2016 жылы Бейбітшілік пен С.Мұқанов көшелеріне асфальт төселді (16 млн. 708 мың теңге). "Өңірлерді дамыту "бағдарламасы шеңберінде 1 млн. 966 мың теңгегег көшелер жарықтандырылды.

Құқық қорғау қызметі. 2016 жылы Железин ауданы ІІБ-нде 31 қылмыс тіркелді, соның ішінде 3 қылмыс (ұрлық) ашылған жоқ. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар – 377. Округ бойынша маскүнемдікке салынған 39 адам есепке алынған, олардың 4-еуі мәжбүрлі емдеуге жіберіліп, 6-на наркологиялық сараптама жасалған. Учаскелік полиция инспекторларымен тұрақты негізде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Болашақта Елбасының саясатын іске асыру мақсатында, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды уақытылы және сапалы орындауда әкімдік барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын болады.

 

 

Железинка селолық округінің әкімі.                              Қ. Қабдулов

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz