Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Прииртышск селолық округінің аумағы  58254 га, оның ішінде егін - 13751 га, тыңайған жерлер – 8708 га, жайылымдар – 3403 га, шабындықтар – 611 га.

Прииртышск селолық округінің құрамына бес елді мекен кіреді: оның ішінде Прииртышск, Үрлітүб, Степное, Безводное, Груздевка селолары. Селолық округ аумағында тұрып жатқан халық саны – 864 адам, соның ішінде Прииртышск ауылында – 724 адам, Үрлітүб ауылында – 73 адам, Степное ауылында – 6 адам, Безводное ауылында – 26 адам, Груздевка ауылында – 35 адам. Осы ауылдарда тұрып жатқан зейнеткерлердің саны – 192 адам, тыл еңбеккерлерінің саны – 15 адам, еңбекке жарамды адамдар – 562 адам, экономикалық белсенді тұрғындар – 543 адам, соның ішінде жұмыс істейтіндер – 539 адам.

Округте 275 абонентке арналған АТС жұмыс істейді. Округ тұрғындары пошта байланысын, интернет және ұялы байланыс қызметтерін пайдаланады. Облыс орталығына күн сайын екі мезгіл автобус қатынайды.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік

Селолық округ әкімі аппараты қызметінің басым міндеттерінің бірі өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу болып табылады. Округте 20 шаруа қожалығы, 10 шағын кәсіпкерлік субъектілері, 1 ЖШС тіркелді.

Дәнді және майлы дақылдардың егістік алқабы 9864 га. 2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша селолық округ бойынша ІҚМ саны 1441 басты құрады, соның ішінде сиырлар – 676 бас, жылқылар – 434 бас, шошқалар – 293 бас, қойлар – 3201 бас, құстар – 9739 бас. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеуді 5 объект жүзеге асырады, соның ішінде күнбағыс майын шығару бойынша 4 цех, 1 шағын наубайхана. Селолық округ аумағында 8 сауда объектісі жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала

Селолық округ әкімі аппараты қызметінің басым міндеттерінің бірі халықты әлеуметтік қорғау, кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру, бірде бір адам жұмыс істемейтін отбасылар санынан азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша округ бойынша АӘК алушылар жоқ. Қоғамдық жұмыстарға 30 адам қатысты. Жұмысқа орналастыру бойынша жүгінген 49 адамның 23 жұмысқа орналастырылды. 20 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 11 тұрақты, 9 уақытша. 6 отбасыға балалар жәрдемақысы, 2 отбасыға 1 жасқа дейінгі балалар тағамы, 2 азаматқа ДКК жәрдемақысы, жалғыз тұратын мүгедек Ақсу қ. қарттар үйіне ресімделді.

Жыл сайынғы «Қамқорлық акциясы аясында ШҚ басшылары, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар 374 мың теңге сомасына тыл еңбеккерлері мен егде жастағы адамдарға азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Аудандық «Ақ ниет» акциясы шеңберінде 28 мың теңге сомасына көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде жастар тәжірибесіне 2 адам жұмысқа орналастырылды.

Денсаулық сақтау

Округте 1 дәрігерлік амбулатория мен 2 медициналық пункт жұмыс істейді.

Білім беру

Балалардың тәрбиесімен және білім берумен 2 мектеп айналысады: Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖББОМ және Груздевка с. БМ, бұл мектептерде 91 оқушы білім алады, соның ішінде 11 бала мектепке дейінгі даярлықта; 11 бала шағын орталыққа барады.  Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖББОМ интернет жұмыс істеп тұр. Барлық балалар ыстық тамақтанумен қамтылған, жазғы демалыс кезінде мектепте сауықтыру алаңшасы жұмыс істейді. Прииртышск селолық округі шаруа қожалықтары басшыларының демеушілік көмегі есебінен Прииртышск мектебінің аумағында асфальт жабындысы төселді.

Абаттандыру

2016 жыл ішінде көше және ауыл ішілік жолдар тиісті жағдайда ұсталды, грейдермен тегістеу жүргізілді, жол жиегіндегі шөптер шабылып, қар тазаланды.

Жағажай жазғы маусымға әзірленді, Үрлітүб с. мен Прииртышск с. су-құтқару бекеттері ұйымдастырылды. Ескерткіштерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оларға тиесілі аумақ абаттандырылды. Қосымша көше жарығын орнату бойынша жұмыстар жалғасуда.

Прииртышск селолық округі әкімінің аппараты 2017 жылы округ тұрғындарымен, ұйымдардың басшыларымен, ШҚ басшыларымен бірге тұрмыс сапасы мен әл-ауқатты жақсартуға бағытталған міндеттерді алға қойды. 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz