Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2015 жылды қорытындылайтын болсақ, біз келесі көрсеткіштерге қол жеткіздік: Қазақстан селолық округінде тұрғындар саны 1344 адам, 382 аула.  Экономикалық белсенді тұрғындар саны 914 адам,  оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 108 адам. Селолық округ  аумағында 134 зейнеткер, 47 барлық санаттағы мүгедектер, с.і. 4 мүгедек бала, тұрады.  2015 жылы 19 бала дүниеге келді  және 14 адам түрлі аурулардан қайтыс болды.

Округтің инфрақұрылымы жеткілікті дамыған, атап айтқанда: пошта, телефон, интернет байланысы, мәдениет және спорт, білім беру және денсаулық сақтау  объектілері,  сауда нүктелері желілері, асхана, шағын наубайхана бар.  Селолық округтің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы  мынадай: селолық округ аумағында шаруашылықпен айналысатын  19 субъекті орналасқан,  соның ішінде: 4 – ЖШС, 15 шаруа қожалығы. Шаруашылықпен айналысатын субъектілер негізінен өсімдік  шаруашылығымен айналысады.

2015 жыл қорытындысы бойынша көктемгі-дала және жинау жұмыстарына 13 ауыл шаруашылық құрылымы қатысты. Жалпы егістік алқабы 28552 гектарды құрайды,  оның ішінде 14409 га бидай,  одан 14235 тонна жиналды, шығымдылығы гектарынан 9 центнер, 2561 га арпа, 2561 тонна жиналды, шығымдылығы гектарынан 7 центнер, 2010 га сұлы, 2025 тонна жиналды,  шығымдылығы шектарынан 7 центнер.

Жеке кәсіпкерлер – 16, олар бөлшек саудамен, мал өсірумен  айналысады. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде  Екішоқ ауылының тұрғыны Аменов Мәрден өз ісін ашуға 500,0 мың теңгеге шағын несие алып, мал сатып алды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша  4 түлек (2 - техник-механик, 2 – электромонтер)  мамандықтары  бойынша оқыды.

Есептік кезеңде селолық округ әкімінің аппаратында 16 өтініш тіркелді, оның ішінде 12-сі   жеке қабылдауда. Әкім аппаратына түскен жазбаша және ауызша өтініштер қаралды және өтініш иелеріне заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.

Округте 2 орта мектеп (Жаңажұлдыз ауылының ЖББОМ, Есқара ЖББОМ), 1 негізгі мектеп (Екішоқ ЖББНМ) жұмыс істейді. Оларда 70 мұғалім қызмет етеді және 219 оқушы білім алады, оның ішінде 149 оқушы мемлекеттік тілде оқиды. Мектептер жанында шағын орталықтар бар, оларға 71 бала барады.  Барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жүргізілді.   «Жұмыспен қамту картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Жаңажұлдыз ауылының ЖББОМ-де  мектеп ғимаратының жабынына 8 млн.теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.  Барлық мектеп мекемелері қатты отынмен қамтамасыз етілді.  Мектептерде сапалы білім алуға қажеттінің барлығы бар: мультимедиялық кабинеттер, физика, биология, информатика кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған.

            Медициналық қызмет көрсету селолық округтің әлеуметтік өміріндегі маңызды сала болып табылады. Ол үшін округтегі 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт  қажетті жиһазбен, құрал-жабдықтармен   жабдықталған, дәрігерлік амбулатория жанында зертханалық диагностика кабинеті, процедура кабинеті жұмыс істейді, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін «Жедел жәрдем» реанимобиль машинасы бар, барлық  медициналық мекемелерде дәріхана пункттері жұмыс істейді, оларда қажетті дәрі-дәрмектер бар.  Амбулатория және фельдшерлік пункттер орта медициналық қызметкерлермен қамтылған.

Округ аумағындағы мәдениет және спорт желілерін Жаңа жұлдыз ауылындағы Селолық мәдениет үйі, Есқара ауылындағы ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана ұсынады.  Мектеп жанында 1 спорт залы, 3 спорт алаңы,  сондай-ақ  Селолық мәдениет үйі жанында  бильярд залы, жасанды жабындымен шағын футбол алаңы, стадион, күрес және тренажер залдары жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде үш елді мекенде 1594,0 мың теңге сомасына үш ойын алаңы орналастырылды.

Барлық елді мекендер сумен, ауыз сумен жабдықтау көздерімен қамтамасыз етілген. Олар – кешенді блок модуль (КБМ), Жаңа жұлдыз ауылында ұзындығы 10,5 км су құбыры, Есқара ауылында - 1 дана ұңғыма, Екішоқ ауылында – суалғы  ұңғымасы.

Есқара ауылында республикалық бюджет қаражаттары есебінен ішуге жарайтын, шаруашылық және техникалық маңызы бар су қорын растауға арналған іздестіру барлау жұмысы жүргізілді.

Қазақстан селолық округінің  ауылдарының  санитариялық жағдайын қамтамасыз ету және көріктендіру бойынша жұмыс ең басты міндеттердің  бірі болып табылады. Жыл сайын, көктемде және күзде, санитариялық тазарту бойынша айлықтар жарияланады.  Көріктендіру бойынша жұмыстар ұйымшылдықпен өткізіледі. 2015 жылы 150 көшет отырғызылды.  2016 жылы тағы                 150 дана көшет отырғызуды  жоспарлап отырмыз.

Селолық округ аумағын көріктендіру бойынша қоғамдық жұмыстарға 2015 жылы   «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыздар қатарынан 8 адам  қатыстырылды.

Ауылдық жолдарға қатысты қазіргі уақытта  Жаңа жұлдыз-Петропавловка автомобиль жолының ұзындығы  35 км учаскесін  қайта қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға  асфальт жабындыны  құны 1 миллиард 023,0 млн.теңге ұсақталған тас кесекке ауыстыру бөлігінде түзету жүргізілді.  

2016 жылы селолық округті көріктендіру бойынша жұмысты жалғастыруды, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Жаңа жұлдыз ауылының кіре берісін жөндеуді  жоспарлап отырмыз.

2016-01-14 09:38:13

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz