Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Ақтау селолық округінің аумағы 58865 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 31021 га. Тұрғындар саны 00 адамды құрайды. Ақтау селолық округінің елді мекендері: Ақтау ауылы – 469 адам, 108 аула, Жолтаптық ауылы – 131 адам, 34 аула. Еңбекке қабілетті тұрғындар – 428 адам, зейнеткерлер – 73 адам, мүгедектер – 18 адам. Округте 3  ЖШС, 9 шаруа қожалығы, 8 ЖК бар. ІҚМ саны 1439 бас, оның ішінде сиырлар – 871, жылқы – 420, қой мен ешкі – 1598, шошқа – 33, құс – 2325. АӘК алушылар жоқ, балалар жәрдемақысын  3 отбасы алады, ондағы  алушылар саны  - 9.

2 медициналық пункт жұмыс істейді, оларда медициналық көмек және сырқаттарды үйде патронаттық емдеу көмегі көрсетіледі, тұрғындарға медициналық көмекті 2 орта медицина қызметкері көрсетеді;  округте 2 жалпы білім беру мектебі бар, онда 68 оқушы оқып, білім алады. Березов жалпы орта білім беру мектебінде 53 оқушы, мектепалды тобында – 11, шағын орталықта – 10 бала бар. Жолтаптық негізгі жалпы білім беру мектебінде  15 оқушы, мектепалды тобында - 1, шағын орталықта – 4 бала.  Ыстық тамақпен қамту 100 %.  Балаларды жалпы білім беру мекемелеріне жүйелі түрде жеткізіп тұру ұйымдастырылған – 1 оқушы. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған.

Березовкада – ұзындығы 7 км  су құбыры желісі, 1 су  қысымды мұнара, 28 колонка жұмыс істейді, 27 жарықшам бар: Ақтауда – 22, Жолтаптықта – 5.

Сондай-ақ мәдениет саласында орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мұражай жұмыс істейді.

Әкім аппараты 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 13 аудандық бюджеттік бағдарламаның әкімгеріміз, нормашығармашылық іс-әрекетті қамтамасыз етеміз, ҚР заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге да нормативтік құқықтық актілердің, облыс және аудан әкімдігінің қаулылары мен шешімдерінің орындалуын ұйымдастырамыз және қамтамасыз етеміз. Жергілікті өзін-өзі басқару концепциясы азаматтардың  ауылдық және селолық деңгейде жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын одан әрі кеңейтуді қарастырады, бұл азаматтардың жергілікті жерлердегі жағдайға ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді. Жыл сайын әр түрлі деңгейдегі бюджеттен қаржының түсуі  мен шығындалуы жоспарын  құру көзделеді, мұндай шеберлік жоспары  Ақтау селолық округі бойынша әзірленді және  бағытталған қаражатты біз  2016 жылы жергілікті өзін-өзі басқару функциясын іске асыруға жергілікті қоғамдастықпен келісім бойынша іске асыратын боламыз.

2016 жылы  бір жобаны жүзеге асыру қарастырылуда – бұл СМҮ-ны күрделі жөндеу.

Ақтау селолық округінің әкімі                                          М.Сагиев

2016-01-14 11:42:46

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz