Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Селолық округтің аумағы 86560 га-ны құрайды. Тұрғындар саны 791 адам.

Өткен жылы селолық округте мына  салаларда маңызды өзгерістер болды.

Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік.

Агроқұрамалар құрылымын 17 шаруа қожалығы, 3 ЖШС және 10 ЖК құрайды.  Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 несие алынды.

ТҮКШ және байланыс.

2015 жыл ағымында келесідей жұмыс түрлері атқарылды: кентаралық және көшелік жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету (Крупское, Раздельное және Октябрьское ауылдары  жолдарындағы шөп шабылды).  Елді мекендер көшелерінен қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыратын 41 жарықшамды ұстау, отырғызылған көшеттерді күту ұйымдастырылды, Лесное а. жиналмаған қоқыс шығаратын орын жойылды. 

Ауыз су бағдарламасы бойынша Лесной, Крупская, Раздельное ауылдарында 3 бұрғы құдығы жұмыс істейді,  судың сапасына бақылау жүргізіледі, Лесное а. ұзындығы 6,2 км су құбыры желісі бар. Лесное  а. бұрғы құдығының үздіксіз жұмыс істеуі үшін  150 мың теңге сомаға су сорғысы сатып алынды. 2016 жылы суалғы колонкаларды жөндеу  жоспарланып отыр.

Округ телефондандырылған, Интернет байланыстың  сапасы жақсартылуда.

Әлеуметтік сала.

Зейнеткерлер - 109, жалғыз  тұратындар мен жалғыз бастылар – 21, мүгедектер – 13 адам, ақталғандар – 15, ауған соғысына қатысқандар - 1. Еңбекке қабілетті тұрғындар – 663, оның ішінде тұрақты жұмысы барлар – 217 адам, жұмыспен қамту орталығында   жұмыссыз  ретінде тіркелгендер жоқ. БЖ мен АӘК алушылар жоқ. Жыл бойы 16 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 6 тұрақты және 10 маусымдық жұмыс орындары, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 3 адам оқуын аяқтады.

Әлеуметтік нысандар.

Округ аумағында «Лесной селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Лесной АМҮ, «Баянауыл» шекара заставасы, ауылдық кітапхана, медициналық пункт, пошта бөлімшесі, Лесной ЖББОМ және Крупская НББМ, оларда 75 бала оқиды, 2 шағын орталық жұмыс істейді,  мектептерде жылы әжетханалар орнатылған. 1 түлек аудан әкімінің гранты бойынша оқиды.

Аббаттандыру.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Крупское а. 672 мың теңге сомаға  балалар ойын алаңы орналастырылды,  қоршалып, сырланды.

Билбордтар, тақырыптық баннерлер орнатылды.

2016-01-14 15:55:32

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz