Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Әлеуметтік сала

Селолық округінің тұрғындар саны 6094 адам. Еңбекке қабілеттілер саны – 3907 адам.Жыл бойы жұмысқа тұру сұрақтары жөнінде өтініш бергендердің саны 317 адам болса, жұмысқа тұрғызылғандардың саны – 92 адам.Есепке 18 жұмыссыз тіркелді. 84 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде: тұрақты – 53; уақытша (маусымдық) – 31.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша жалпы сомасы 9 млн. теңге құрайтын 3 жаңа бизнес ашылды. 11 жеке кәсіпкер 31 млн. теңгеге бизнестерін кеңейтті. ІІІ-бағыт бойынша 6 азамат Павлодар қаласының ИнЕУ колледжінде электромонтер кәсібіне оқытылып, жұмысқа орнатылды.

Денсаулықты сақтау

Селолық округінде денсаулықты сақтау объектілерінің саны 6. Оларда 90 медициналық қызметкерлері жұмыс атқаруда. Мемлекеттік «2011-2015 жж Саламатты Қазақстан» бағдарламасының индикаторлары биыл орындалды: аналардың өлімі жоқ. 2015 жылы 1 терапевт дәрігер және 2 медбике жұмысқа келді. Туған азаматтардың саны – 200 адам, қайтыс болғандар – 172 адам.

Білім беру саласы

Железин селолық округінде 3 жалпы орта білім беретін, 4 негізгі мектептері және аграрлық техникалық колледжі бар. Мектепке дейінгі білім беру саласында «Светлячок» және «Балапан» балабақшалары, сонымен қатар 4 шағын орталық қызмет көрсетуде. Оқушылар саны – 948, мұғалімдер саны – 173.

Мәдениет және спорт

Округта 3 мәдениет үйі, балалар жасөспірімдер спорттық мектебі – 1, денешынықтыру сауықтыру кешені – 1 және 7 спорттық залы бар. Кешкі уақытта волейбол, үстел теннисі, қазақ күресі, дзюдо, тоғызқұмалақ пен шахмат бойынша секциялар жұмыс істейді. Жыл бойы волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, күрес, дзюдо, Президенттік көпсайысы, үстел теннисінен 22 турнир өткізілді. 2015 жылы Железин ауданының 80-жылдығына арналған спартакиада Железинка ауылында өтті. Железин селолық округі жалпыкомандалық І-орынға ие болды. Селолық округте 12 спорт шебері және 32 спорт шеберіне үміткерлеріміз бар. «Нұрлы мерей» қоғамдық қорымен бірлесе мүгедектермен де шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және т.б. спорттық және мәдени шаралар өткізіліп, жүлдегерлер мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.

Азаматтарға қызмет көрсету.

Бүгінгі күнітұрғындарға Халыққа қызмет көрсету орталығы, 6 шаштараз, 4 АҚС, 2 киоск, 4 техникалық қызмет көрсету станциялары, 3 шинажөндеу, 2 жиһаз өндіретін цех, орталық монша, Железинка ауылы бойынша автобус, компьютер жөндеу орталығы, ұялы байланыс салоны, 54 дүкен қызмет көрсетеді.

Ауылшаруашылығы

Железин селолық округінің территориясы 67,200 гектарды құрайды. Оның ішінде: 10,3 га – егістік болса, 1,59 га шөп шабу жерлері. Шаруа қожалықтарының саны – 31. Шаруа қожалықтар дәнді дақылдарды, көкөніс өсірумен, сонымен қатар малшаруашылығымен айналысады. Шағын кәсіпкерліктердің саны – 260.

Бүгінгі күні Железин селолық округінде 4729 бас ірі қарамал, 4191 бас қой, 1287 бас жылқылар саны тіркелген.

Құрылыс.

Железинка ауылында ағымдағы жылы жалпы ауданы 398,3 шаршы метр құрайтын екі екіпәтерлі үйлер мен бірпәтерлі үй салынды. Железин аграрлық техникалық колледжінің төбе жабындысы жалпы сомасы 7,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Гребенкин А.С. жеке кәсіпкерімен техникалық қызмет көрсету станциясы ашылды.

Әлеуметтік инфрақұрылым. Железин селолық округінде құқық қорғау органдары, 5 пошта бөлімі, банк, біріңғай ұлттық зейнетқоры, «Қазақтелеком» АҚ т.б.. Округ бойынша телефонмен қамтылғандар 1767, Отау ТВ – 268, IDTV– 130.

Әкім аппаратының жұмысы

Жыл бойы Президенттің Қазақстан халқына жолдауы, мал бағу, балалар жәрдемақысын ресімдеу бойынша түсіндіру жиналыстары өткізілді. 2015 жылы округ тұрғындарымен жалпы 19 жиналыс өткізілді.

Әкім аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 254 өтініш түсті. Оның ішінде әкіммен 32 тұрғын қабылданды. Өтініштер жер қатынастары, жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, тұрғын-тұрмыстық жағдайларды зерттеу, жолдарды жөндеу, аймақтарды көркейту, әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша тіркелді. Барлық өтініштер қарастырылып заңнамаларға сәйкес өтініш білдіргендерге тиісті жауап берілді.

2016 жылға міндеттер:

1. Әлеуметтік салада тұрақтылықты сақтап, өндірістер көлемін төмендеттірмеу.

2. Тұрғындар тұрмыс деңгейін арттыру бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыру.

3. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдап,шағын несиелерді алу үшін жағдай жасау.

4. Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе аз қамтылған және жұмыссыз тұрғындарды оқытып, жұмысқа орналастыру.

5. Селолық округінің пунктілерін дамыту және көркейту. Тұрғындарды сумен, жарықпен қамтамасыз ету.

Құрылыс жоспарлары:

1. Железин № 1 ОББМ жұмсақ шатырын жөндеу – 1000,0 мың теңге;

2.Железин № 2 ОББМғимаратын жөндеу –1500,0 мың теңге

3. Жарық диодтық шамдарды орнату – 2000,0 мың теңге;

4. «Светлячок» балабақшасы жылу жүйесінің жөндеуі - 2600,0 мың теңге.     

2016-01-15 10:06:02

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz