Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Өткен 2015 жылы біздің еліміз үшін көптеген маңызды оқиғалар болды. Өткен жылдың осындай маңызды оқиғаларының бірі - ҚР Тәуелсіздігін тойлау. Тәуелсіздіктің келуімен Қазақстан Республикасы біздің Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қарқынды дами бастады.

Новомир селолық округ әкімінің аппараты 2015 жылы атқарылған жұмыс туралы есебін ұсынады. Әкім аппаратымен тұрғындар арасында анықталған жұмыс өткізілді. Жоспарға сай, сонымен қатар жоғары тұрған атқарушы органдардан  келіп түскен шешімдерге, өкімдерге сәйкес.

Новомир селолық округінің аймағы-36600 гектарды құрайды, ауыл шаруашылығына берілген жерлердің жалпы көлемі 13133 гектарды құрайды.    Егістік жерлер 10926 гектар, тыңайған жерлер-921 гектар, өрістер-1286 гектар.

Селолық округтің тұрғындар саны 485 адамды құрайды. Оның ішінде еңбекке қабілетті 297 адам, зейнеткерлер-74 адам, тұрақты негізде жұмыспен қамтылғандар – 150 адам, аула саны 147 ауланы құрайды.

Округте 140 абонентке өткізбекпіз телефондық байланыс қызмет етеді.

Округ тұрғындары пошта байланысы қызметін пайдаланады. Күн сайын Павлодар қаласына автобус барып тұрады.

 

Ауыл шаруашылығы және шағын бизнес

Селолық аумақтардың даму бағдарламасы селолық тұрғындардың тіршілік әрекетінің барлық салаларын қамтиды.

Селолық округ аумағында 8 шаруа қожалығы жұмыс істейді: «Барамбаев», «Әлиев», «Жүнісов», «Черепанов Г.М.», «Ткач» , «Троицк», «Нұрлы жол» және «Остринский». Сонымен қатар 1 «Ай-Агро ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Өсімдік шаруашылығы бойынша 2015 жылы шаруа қожалықтары 4155  гектар бидай егіп өнім алды.Астық өнімділігі - 10,6 ц/га құрады, жалпы алым  4392 тоннаны құрады; арпа - 1535 га, астық өнімділігі - 7,3  ц/га, жалпы алым 1115 тоннаны құрады; сұлы 120 га, астық өнімділігі – 15 ц/га, жалпы алым 180 тоннаны құрады; қарақұмық-1109 га, астық өнімділігі - 8,2 ц/га, жалпы алым 910 тоннаны құрады; Тары -2075 га, астық өнімділігі-3,6 ц/га, жалпы алым 747 тоннаны құрайды. Жалпы 8994 га жиналып алынды, жалпы алым 7344 тоннаны құрады.

2016 жылы шаруа қожалықтарымен  9950 га жерді егу жоспарлануда, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 105 % құрайды.

2016 жылдың 01 қаңтарына  округте 1350 қара мал басы, оның ішінде қожалық-фермерлік шаруашылықтарында 750 қара мал басы , соның ішінде сиырлар 617, қой 1400, соның ішінде қожалық-фермерлік шаруашылықтарында 600 бас, жылқы 300 бас,соның ішінде шаруа қожалықтарында -25 бас, шошқалар-168 бас , құс 3500 бас.

Селолық округ аумағында 3 сауда объектілері қызмет етеді. Онда  үнемі жаңа  азық- түлік өнімдері сатылады.

Коммуналды шаруашылық қызмет ететін жолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды.

Ауыл көшелерінің тегіс емес жерлерін күлмен тегістеу жүргізілді.

2015 жылды жұмыспен қамту орталығында  20 адам есепте тұрды, 14 адам еңбек биржасынан жұмыспен қамтылды, 6 адам қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеді.

Орман шаруашылығы

Селолық округ аумағында тәжірибелі орманшы Сергей Викторович Бурлак жетекшілік ететін Тасты орманшылығы орналасқан.

2015 жылы Тасты орманшылығы 10,3 га жер көлемінде жас қарағайларды отырғызу үшін округ тұрғындарын тартады. Сонымен бірге адамдарға табыс табуға және қарағайлы орман аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Күз мерзімінде «Қамқорлық» айлығын өткізу барысында, селолық округ әкімінің келісуімен зейнеткерлер мен тыл еңбеккерлеріне кесілген отын әкелінді.

Денсаулық сақтау

Селолық округ аумағында медициналық пункт қызмет етеді. Күн сайын алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, сонымен қатар үйдегі ауруларға патронаттық қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні  медпунктте алғашқы көмек көрсету үшін  дәрілік препараттар мен сәйкес медициналық жабдықтар баршылық.

Білім беру мен мәдениет.

Мектеп қызмет етеді. Онда 59 оқушы оқытылады. Мектеп ішінде шағын орталық жұмыс істейді. Онда 3-5 жас  аралығындағы 16 бала барады, мектепке дейінгі даярлық топқа 6 оқушы барады. Мектепте  ыстық тамақпен қамту 100% ұйымдастырылған. 21 оқушы тегін тамақтанады.

 Мектеп мұғалімдер және техникалық персоналмен толықтырылған.

Мектеп спортшылары түрлі аудандық жарыстардың талай жүлдегерлері болып табылады.

Желтоқсан айында мектептің спорт алаңшасының аймағында дене шынықтыру нұсқаушысы А.В. Бардашевскийдің жетекшілігімен бүлдіршіндер үшін мұз айдынын әзірледі. Мұз айдынын дайындауға «Г.М.Черепанов»ШҚ және «Остринский»ЖК жәрдемдесті. Олар мұз айдыны үшін су әкелісуге қатысты.

Округте жұмыскерлер штаты толықтырылған  көркем селолық Мәдениет үйі жұмыс істейді. Жоспарланған барлық мәдени шаралар өткізіледі, үйірмелер жұмыс істейді. СМҮ-нің белсенді қатысушылары түрлі сайыстарда, фестивальдарда, мерекелерде және КТК ойындарында жүлделі орындарға ие болды.

Селолық  мәдениет үйінің ішінде үлгідегі кітапхана қызмет етеді.

Әлеуметтік жәрдем сұрақтарына келетін болсақ, округта әлеуметтік жұмысшылар мен зейнеткерлерге,  тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетіледі.

2016 жылға  селолық округ әкімінің аппараты алдына қойылған міндеттер - Қазақстан Республикасының  Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Жоғары органдардың шешімдерін орындау,  әскери міндеттілердің алғашқы есебін, салық  жинау, мал мен тұрғындардың есебін жүргізу, бюджет бағдарламаларын орындау, тұрғындармен жұмыс  орындалады.

Бұл жоспарда  бірінші болып қоғамдық тәртіпті бекіту, селоны көріктендіру  мәселелері, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаларды орындау болады.

2016-01-15 10:50:22

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz