Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Прииртышск селолық округінің аумағы 58254 гектарды құрайды, соның ішінде егістік – 13,751 га, тыңайған жерлер – 8,708 га, жайылымдар – 3,403 га, шабындықтар – 0,611 га. Прииртышск селолық округінің құрамына бес елді мекен кіреді: Прииртышское с., Үрлітүб с., Степное с., Безводное с., Груздевка с. Селолық округ аумағында тұрып жатқан халықтың саны 889 адам: олардың ішінде Прииртышское с. – 731 адам, Үрлітүб с. – 76 адам, Степное с. – 6 адам, Безводное с. – 27 адам, Груздевка с. – 49 адам. Зейнеткерлер 165 адам, тыл еңбеккерлері 20 адам, жұмысқа жарамды тұрғындар 557 адам, экономикалық белсенді 583, олардың ішінде жұмыс істейтіндер 539 адам.

         Округте 275 абоненттік АТС жұмыс істейді. Округ халқы пошта байланысын, интернетті, ұялы байланыс қызметін пайдаланады. Күн сайын облыс орталығына күніне екі рет автобус қатынайды.

         Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу селолық округ әкімі аппараты қызметінің басым міндеттері болып табылады. Округте 19 шаруа қожалығы, 10 шағын кәсіпкерлік субъектісі, 1 ЖШС тіркелген.

Дәнді және майлы дақылдардың егіс алқабы 6959 га құрайды, шығымдылығы – 11,0 га. 2016 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша селолық округтегі ІҚМ саны -1145 бас, соның ішінде сиырлар – 504, жылқылар – 420 бас, шошқалар – 259, қойлар – 2552, құстар – 6872. Ауылшаруашылық өнімдерін өндеуді 5 объект жүзеге асырады, соның ішінде күнбағыс майын өндіру бойынша 4 цех, 1 шағын наубайхана іске асырады. Селолық округ аумағында 8 сауда объектісі жұмыс істейді.

Селолық округ аппаратының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі тұрғындарды әлеуметтік қорғау, кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру, отбасында ешбір адам жұмыс істемейтін азаматтарды жұмысқа орналастыру болып отыр. 2016 жылдың 01.01. жағдайында округ бойынша АӘК алаушылар жоқ, қоғамдық жұмыстарға 12 адам қатысты. 20 жұмыс орны құрылды, олардың ішінде 11 тұрақты. Балалар жәрдемақысы 6 отбасыға ресімделді, 2 отбасыға 1 жасқа дейін тегін балалар тағамы беріледі.

Жыл сайынғы «Қамқорлық» акциясы кезінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына 358 мың теңге сомасына көмек көрсетілді. Аудандық «Ақ ниет» акциясы шеңберінде 40 мың теңге сомасына көмек ұсынылды.

Округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пункт жұмыс істейді. 2 мектеп балаларға тәрбие және білім береді: Т.П. Праслов ат. Прииртышск ЖББОМ және Груздевка с. БМ, онда 106 оқушы оқиды, соның ішінде 13 бала мектеп алды даярлықтан өтуде, 19 бала шағын орталыққа барады. Т.П. Праслов ат. Прииртышск ЖББОМ жанындағы шалғайдағы ауылдардың оқушылары үшін интернат жұмыс істейді. Барлық балалар ыстық тамақпен қамтылған, жазғы демалыс кезінде округ мектебінде сауықтыру алаңы жұмыс істеуде. 2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Прииртышское с. балалар ойын алаңшасы орнатылды. ЖӨБ (елді мекендерді көріктендіру) қаражаты есебінен балалар ойын алаңының қоршауы әзірленді және орнатылды, АМҮ аумағында 4 орындық пен 2 урна әзірленді және орнатылды, христиан зираттарының қоршауының жартысы әзірленді.

Прииртышск селолық округі әкімі аппараты ұжымының округ тұрғындары өмірін және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 2016 жылға арналған міндеттері бұдан әрі округ тұрғындарымен, ұйым басшыларымен, ШҚ басшыларымен бірге шешілетін болады.

2016-01-18 12:03:56

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz