Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Е-4, E-R-4*** санаты үшін: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

77452

104935

E-R-4

73288

99106

 

 

 

 

*** Ескерту: «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Железин ауданының жұмыспен қамту жән әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, штат кестесінде E-4 және E-R-4 санаты бойынша бас маман лауазымдары төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы, E-4 санаты, (коды 07-1-1).

Функционалдық міндеттері: Азаматтық жағдай актілерін уақытылы және дұрыс тіркеуді қамтамасыз ету. Селолық округ мамандарына практикалық көмек көрсету. Елтаңбалық бланкілерді, азаматтық хал актіні тіркеудің актілік жазбаларын, актілік жазбалар көшірмелерін дұрыс толтыру үшін жеке жауапты. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, некеге тұру туралы өтініштерді қабылдайды. Аты-жөнін өзгерту бойынша азаматтарды қабылдау және құжаттарын рәсімдеу. Азаматтық хал актілерін жазуға түзетулер, өзгерістер енгізу, актілік жазуларды жою және қалпына келтіру. Қайта куәлік алу мәселесі жөніндегі азаматтардың сауалдарын қарау және орындау. Бала асырап алуды тіркеу жөніндегі мәселелерді қарау. Соттың шешімі және жұбайлардың өзара келісімі бойынша некенің бұзылуын рәсімдеу. Некенің бұзылуы туралы актілік жазуға тузетулер енгізу. Перзентханада жаңа туған балаларды тіркеуді жүргізу. Әкімшілік  материалдарды толтыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында; білім саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (құқық саласында; білім саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 06-03).

Функционалдық міндеттері: Тұрғындарды қабылдауды жүзеге асырады. Хаттар және өтініштермен жұмыс жүргізеді. Уақытша өтеулі және уақытша өтеусіз жер пайдалану, жер учаскелерін сату-сатып алу, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі келісімшарттар дайындығын жүзеге асырады. Жер учаскелерібарекендігі (не жоқ екендігі) туралыанықтамаларды дайындауды жүзеге асыру. Жер учаскелерін пайдалану мүмкендігі жөнінде жер комиссиясына ұсыныстар мен метериалдар дайындайды. Барлық жеке меншік жер пайдаланушылардың жеке істерін қалыптастыру бойынша жүмыстар жүргізеді, соңдай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жер пайдаланушылар және жеке меншік жер учаскелерінің есебі жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Заңнамамен белгіленген тәртіпке бекетілген жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жер қатынастры аясындамемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында мына мамандық бойынша; «юриспруденция»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; техника ғылымдары және технология саласында; қызметтер саласында мына мамандықтар бойынша: «жер орналастыру», «кадастр»), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (құқық саласында мына мамандық бойынша; «юриспруденция»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; техника ғылымдары және технология саласында; қызметтер саласында мына мамандықтар бойынша: «жер орналастыру», «кадастр»). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мүгедектермен жұмыс жөніндегі бас маман, E-R-4 санаты, (коды 05-02-03).

Функционалдық міндеттері: Мүгедектерді протезді-ортопедтік, техникалық,  көмекші құралдармен және қозғалудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуді бақылау және есепке алуды жүргізу. Санаторлы-курорттық емделуге жолдамалар беруді ұйымдастыру. Сауықтырудың жеке бағдарламасын рәсімдеуге жәрдем көрсету. Мүгедектерді сауықтыру жөніндегі  бағдарламасы бойынша шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру. Соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді, мүгедек-балаларды,  жалғыз басты қарт адамдарды және тұрғындардың әлеуметтік осал топтары санатын әлеуметтік қолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру.  Барлық санаттағы мүгедектерге әлеуметтік төлемдерді уақытылы өтеуді қамту, қайырымдылық акциясын өткізуге қатысу, кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық  жекеменшік түрлерінің демеушілік және қайырымдылық көмектерін ұйымдастыру. Облыстық  жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру басқармасына мүгедектер, мүгедек- балалар, протезді-ортопедтік, сурдо-ткорло құралдарына, сурдотехникалық құралдарға мұқтаж азаматтар бойынша ақпарат жинау және құрастыру, санитарлық- курорттық емдеумен қамтамасыз ету, соның ішінде ардагерлерді. Барлық санаттағы мүгедектер бойынша есеп жүргізу және мәліметтер базасын қалыптастыру. Жалғыз басты және азаматтар бойынша есепті ұсынуға жәрдемдесу. Мүгедектерді протезді-ортопедиялық көмек көрсетуге, сурдо-тифло құралдары, міндетті гигиеналық құралдары және жеке көмек қызметтермен қамту үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамту, мүгедек-балаларды материалық қамтамассыз ету, үйде оқытылып тәрбие алатындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қамту. Бөлім құзіреттілігіне кіретін сұрақтар бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүргізу: «МОДБ», «Е-акимат», «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде жұмыс. Қамқорлық және қорғаншылық бойынша құжаттарды хаттау бойыша жұмыстарды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техника ғылымдары және технология саласында; қызметтер саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техника ғылымдары және технология саласында; қызметтер саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-4, E-R-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының ауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-4, E-R-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2017-03-31 18:48:09

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz