Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы бекітілген № 98 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

E-3 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

E-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-3

102437

138162

E-G-3

69956

94108

** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Железин ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Железин ауданының селолық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің аудан әкімінің кеңесшісі, E-3 санаты, (коды 10-1).

Функционалдық міндеттері: Инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жасау. Инвестициялық жобаларды дайындау. Басшылыққа инвестициялық ұсыным дайындау. Жүзеге асырылған инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау. Аудан әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында).

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

2) «Железин ауданы Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман, E-G-3 санаты, (коды 09-03).

Функционалдық міндеттері: Аз қамтамасыз етілген азаматтармен жұмыс жүргізу. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын ресімдеуге құжаттар қабылдау. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы басқа мәселелер бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмысын жүргізу. «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызметін көрсету. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған тұлғаларды, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларды, туберкулезбен ауыратындарды, көпбалалы аналарды есепке алу. Көпбалалы аналарды марапаттауға құжаттарды қабылдау. Маргиналды топтарға, мүгедектерге құжаттар  ресімдеуге құжаттар жинау. Жалғызбасты, жалғыз тұратын қарт адамдармен, мүгедектермен, зейнеткерлермен, Ұлы Отан соғысы қатысушыларымен және мүгедектерімен, тыл  еңбеккерлерімен, ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен,  чернобыльдықтармен жұмыс. Олар бойынша тізімдер жасау, тізімдерді үнемі түзетіп отыру. Қарттар күніне орай ұйымдарға, ШҚ, ЖК бекіту  үшін зейнеткерлердің тізімдерін жасау. Қайырымдылық әрекеті бойынша ақпарат жинау және дайындау. Тұрғындардың  осал топтарына қайырымдылық көмек бойынша ұсыныстар жобасын дайындау. Жалғызбасты, қарт және еңбекке қабылетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына бақылауды жүзеге асыру. Өтініш берушінің біржолғы материалдық көмек алуға құқығы туралы мәселені шешу үшін өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасау. Жалғыз басты зейнеткерлерді және мүгедектерді  Мүгедектер және психохрониктерге арналған   интернат үйіне ресімдеуге көмек көрсету. Азаматтарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу.  Жұмыссыз азаматтарды есепке алу табелін жүргізу. Оралмандардың көші-қонын есепке алу. Еңбекке қабілетті тұрғындар бойынша есепті  және құзыреттілігі бойынша есептілікті ұсыну. Әкімнің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; қызметтер саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; қызметтер саласында).

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

3) «Железин ауданы Башмачин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маман, E-G-3 санаты, (коды 03-03).

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1.Өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш;

            2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

            Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz