Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы бекітілген № 98 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

E-3 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-3

102437

138248

 

 

 

** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Железин ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Железин ауданының селолық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас инспекторы, E-3 санаты, (коды 07-1-2).

Функционалдық міндеттері: Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік және облыстық бағдарламаларын іске асыру жөнінде атқарушы органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді. Аудан әкімі мен оның орынбасарының қызметін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын өзекті мәселелер бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтердің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің сапасына ішкі  бақылауды іске асырады. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдарының қызметіне мониторинг және бақылау жүргізеді. Жоғарғы мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуына бақылауды іске асырады. Жоғары органдарға ауданның мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есепті ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді іске асырады. «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру жөніндегі медиа жоспарды әзірлейді және орындалуын жүзеге асырады. БАҚ басшыларымен ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету жөнiнде формальдi емес қарым-қатынастарды ұстанады және сөйлесулер өткiзедi. Аудан әкiмiнiң ресми WEB-сайтын жаңарту және қолдау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында мына мамандық бойынша: «заңтану»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мына мамандықтар бойынша: «экономика», «қаржы», «мемлекеттік және жергілікті басқару», «жобаларды басқару»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

2) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы, E-3 санаты, (коды 07-1), (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылдың 13 қарашасына дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басқаруды жүзге асырады. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Ауданның нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізеді. Мемлекеттiк орган әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын, оның iшiнде оларды мемлекеттiк органның басқа да құрылымдық бөлiмшелерi әзiрлеген жағдайда келiсу жолымен дайындауға қатысады. Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының тапсырмасы бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын дайындайды. Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды. Мемлекеттiк органға келiп түсетiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады. Мемлекеттiк органның норма жасау қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Құрылтайшылық құжаттарды әзірлеу, заңды тұлғаларды тіркеу, құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Аудан әкімі аппараты басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар жобасының және өзге құқықтық сипаттағы құжаттардың  заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Шарттардың жеке түрлерінің жобаларын дайындайды. Шарттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді. Талап арыздар мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа  береді. Мемлекеттік органға талап арыздар бойынша талап арыздардың көшірмелерін зерделейді. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуы мен ауысуының, оларға тәртіптік жазалардың қолданылуының заңдылығын тексеруді жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен тексерілушілердің  процессуалдық әрекеттерінің сақталуын,  тексерушілердің қорытындыларының негізділігі мен дұрыстығын, тексеріс қорытындыларын ресімдеуін құқықтық бақылау мақсатында жүргізілетін тексерістер кезінде   мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік органдардың  қызметкерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беруді жүзеге асырады, заңды құжаттарды дайындауда құқықтық көмек көрсетеді. Нормативтік ќұќыќтыќ актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында мына мамандық бойынша: «заңтану»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1.Өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш;

            2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz