Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (1 бірлік), санаты ER-1.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Аудан   көлемінде  білімді дамытудың стратегиялық   жолдарын  әзірлейді.  Білім беру басқармасымен,  аудандық әкімдікпен және  қаржы органдарымен келісе отырып ауданда білім беруді дамытудың барлық мәселелерін шешуге қол жеткізеді.  Білім беру мәселесі жөніндегі басқарушы органдарының шешімдерін, Заңдарын, қаулыларын орындау үшін аппарат басқармасының жұмысын ұйымдастырады.АББ аппаратының, ауданның білім беру мекемелерінің басшылық кадрларын іріктейді, орнықтырады. АББ кеңесінің төрағасы. Қамқоршы  және  қамқорлыққа алу   Кеңесінің  төрағасы.  Қорғалмаған топтағы халықтың балаларын әлеуметтік қорғау жөнінде жағдай туғызуды бақылайды. Білім беру мекемелерінің техникалық-материалдық  базасын  нығайтады. Аудан аумағы бойынша білім беруге қол жеткізуді қамтамсыз етеді. АББ-нің мәселелері бойынша білім беру мекемелерін тексерісі кезінде қатысады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау, тез тіл табыса білу, орындаушылық тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (педагогикалық, мемлекеттік басқару).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) ғылыми дәрежесінің болуы;

4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) Железин ауданының әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы (1 бірлік), (санаты Е-4).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Аудан әкімі аппаратының қызметінде заңдылықты қадағалауды қамтамасыз ету, талап-арыз жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Ауданның нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу. Мемлекеттiк орган әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актілердің жобаларын, оның iшiнде оларды мемлекеттiк органның басқа да құрылымдық бөлiмшелерi әзiрлеген жағдайда келiсу жолымен дайындауға қатысады. Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының тапсырмасы бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын дайындау. Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындау. Мемлекеттiк органға келiп түсетiн нормативтiк құқықтық актілердің жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастыру. Мемлекеттiк органның норма жасау қызметiн талдау және талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзу. Құрылтайшылық құжаттарды әзірлеу, заңды тұлғаларды тіркеу, құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру. Аудан әкімі аппараты басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар жобасының және өзге құқықтық сипаттағы құжаттардың  заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру. Шарттардың жеке түрлерінің жобаларын дайындау. Шарттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру. Талап арыздар мен материалдарды дайындау және оларды сотқа  беру. Мемлекеттік органға талап арыздар бойынша талап арыздардың көшірмелерін зерделеу. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуы мен ауысуының, оларға тәртіптік жазалардың қолданылуының заңдылығын тексеруді жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен тексерілушілердің процессуалдық әрекеттерінің сақталуын,  тексерушілердің қорытындыларының негізділігі мен дұрыстығын, тексеріс қорытындыларын ресімдеуін құқықтық бақылау мақсатында жүргізілетін тексерістер кезінде   мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Мемлекеттік органдардың  қызметкерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беруді жүзеге асыру, заңды құжаттарды дайындауда құқықтық көмек көрсету. Нормативтік ќұќыќтыќ актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (заңгерлік) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (заңгерлік). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3) Железин ауданының әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы (1 бірлік), (санаты Е-4).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері: Аудан әкімінің жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарымен ұйымдыстырушылық және ақапараттық байланысын жүзеге асыру. Селолық округ әкімдері жұмыстарының, аудандық органдар басқармаларындағы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін орындау бойынша, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмаларының сараптамасы. Селолық округ әкімдерінің аппараттарына тәжірибелік көмек көрсету. Аудан әкімдігі отырысында қарастырылатын сұрақтарды әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасы Президенті, Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті билік органдарының депутаттарын сайлауын, референдумдарының өткізілуін ұйымдастырушылық тұрғыдан  қамтамасыз ету. Селолық округ әкімдері аппараттарындағы орындалу тәртібін бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету. Аудан әкімінің, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асырудың мониторингі.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (педагогикалық, заңгерлік, мемлекеттік басқару, техникалық, ауылшаруашылық, экономикалық) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық, экономикалық). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінін бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

1) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Репсубликасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7) шекті шамадан төмен емес қорытындыларымен тестілеуден өту туралы куәлік, құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы тиіс.

Сұхбаттасуға қатысуға жіберілген кандидаттар оларға қатысуы туралы ескерту берілген күннен бастап «Павлодар облысы Железин ауданының әкімі аппараты» мемлкеттік мекемесінде 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын сұхбаттасу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда осы тұлға сұхбаттасұға жіберілмейді.

2014-01-22 15:02:58

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz