Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Функционалды міндеттері:

 Іс жүргізуді, шаруашылық және фермерлік кітаптарды іске асырады. Жалпы бақылауды, заңды тұлға және жеке азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша есептерді уақытында тапсыру. Жоғарғы билік орындарынан және өз шешімдерінің орындауын қадағалау. Әкімшілік жұмыстарын жоспарлайды. Үй шаруашылығы және тұрғындар санағын жүргізуге жәрдемдеседі. Ауылдық округ тұрғындары жайындағы мәліметтер базасын қалыптастырады. Ауылдық округта өткізілетін жиындарға қатысушылар мен сайлаушылар тізімін дайындап түзетулер енгізеді. Әлеуметтік-экономикалық даму туралы, тұрғындардың еңбекке жарамдылар туралы мәліметтер, және де жаңа жұмыс орындар туралы дер кезінде есеп беруді іске асырады. Азаматтарды қабылдайды және анықтама береді. Әкім, әкім орынбасарының тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 Жоғары  білім  (мемлекеттік және жергілікті басқару,  ауыл шаруашылық, экономикалық, педагогигалық),  ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі                  ( экономикалық, ауыл шаруашылық, педагогигалық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінін бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

1) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Репсубликасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7) шекті шамадан төмен емес қорытындыларымен тестілеуден өту туралы куәлік, құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы тиіс.

Сұхбаттасуға қатысуға жіберілген кандидаттар оларға қатысуы туралы ескерту берілген күннен бастап «Павлодар облысы Железин ауданының  Железин селолық округінің әкімі аппараты» мемлкеттік мекемесінде 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын сұхбаттасу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда осы тұлға сұхбаттасұға жіберілмейді.

2014-01-22 15:04:50

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz