Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Железинка ауданы  мәслихаты аппаратының бас маманы-заңгер,  санаты «Е-4».

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Ауданның мемлекеттік органдарынан, аудан әкімі аппаратынан түскен құжаттарға сараптама жасайды. Аудандық мәслихат  сессияларының шешімдерін Әділет департаментінде  тіркеуге дайындайды. Заңдылық, тәртіп және азаматтардың өтініштері, сондай-ақ аграрлық және экологиялық мәселелер бойынша тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге көмек көрсетіп үйлестіреді. Олардың хаттамасын жасайды. Нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын  әзірлейді және сараптама жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары заңгерлік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға (заңгерлік) рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінін бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қағиданың қосымшасына сәйкес  нысандағы өтініш;

2) Қағидаға қосымшаға сәйкес  нысанда толтырылған сауалнама                       3х4 үлгісіндегі фотосуретімен;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген)  нысандағы  денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7) шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы құжаттарды тапсыру сәтінде күші бар  сертификат.

Әңгімелесуге қатысуға жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету  күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Павлодар облысы Железинка ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы бере алады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын  кешіктірмей береді.

Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

2014-01-22 15:18:02

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz