Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 мамырдағы бекітілген № 289 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

E-G-2 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;**

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.**

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-G-2

92443

124923

 

 

 

** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Железин ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Железин ауданының селолық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданы Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп бөлімінің басшысы, E-G-2 санаты, (коды 06-08).

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім ішінде міндеттерді үйлестіру. Железин селолық округінің қаржы-шаруашылық әрекеті мен бухгалтерлік есеп ұйымдастыруын жүзеге асырады, қаржылық, еңбек және материалдық қорды ұқыпты қолдануды бақылайды, мемлекеттік мекемелердің меншігіне жауапкершілікпен қарауды бақылайды. Қаржылық операцияларды өткізуді, бекітілген бағдарламаларға қаржыландыру бақылау жүргізеді. Қызмет пен тауарларды ұсынатын ұйымдармен келісімді бекіту және олардың есебін құру. Шығын мен кіріс табыстарды есептеп, олардың балансын құруды, бюджетті қолдану туралы, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есепті құру. Қазынашылықпен, банкпен, салық комитетімен жұмыс жүргізу. Еңбек төлем ақысын және басқа да міндетті төлемді бюджетке есептеу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу және мемлекеттік сатып алудың көлемі бойынша есеп тапсыру. Тауар-материалдық құндылықтардың жылдық инвентаризациясын өткізу. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуы мен олардың мұрағатқа тапсырылуы. Әкімнің және әкім орынбасырының тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мына мамандықтар бойынша: «экономика», «есеп және аудит», «қаржы», «мемлекеттік және жергілікті басқару»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

2) «Железин ауданы Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімнің кеңесшісі, E-G-2 санаты, (коды 06-07).

Функционалдық міндеттері: Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Ауданның нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізеді. Мемлекеттiк орган әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердің жобаларын, оның iшiнде оларды мемлекеттiк органның басқа да құрылымдық бөлiмшелерi әзiрлеген жағдайда келiсу жолымен дайындауға қатысады. Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының тапсырмасы бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi және мемлекеттiк органның құқықтық мәселелер жөнiндегi құжаттарын дайындайды. Мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Заңнамалық кесiмдерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды. Мемлекеттiк органға келiп түсетiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады. Мемлекеттiк органның норма жасау қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Құрылтайшылық құжаттарды әзірлеу, заңды тұлғаларды тіркеу, құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Аудан әкімі аппараты басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар жобасының және өзге құқықтық сипаттағы құжаттардың  заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Шарттардың жеке түрлерінің жобаларын дайындайды. Шарттардың жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді. Талап арыздар мен материалдарды дайындайды және оларды сотқа  береді. Мемлекеттік органға талап арыздар бойынша талап арыздардың көшірмелерін зерделейді. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуы мен ауысуының, оларға тәртіптік жазалардың қолданылуының заңдылығын тексеруді жүзеге асырады. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарымен тексерілушілердің  процессуалдық әрекеттерінің сақталуын,  тексерушілердің қорытындыларының негізділігі мен дұрыстығын, тексеріс қорытындыларын ресімдеуін құқықтық бақылау мақсатында жүргізілетін тексерістер кезінде   мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік органдардың  қызметкерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беруді жүзеге асырады, заңды құжаттарды дайындауда құқықтық көмек көрсетеді. Нормативтік ќұќыќтыќ актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында мына мамандық бойынша: «заңтану»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1.Өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш;

            2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz