Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары (мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогикалық, заңгерлік, мәдениет және өнер), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, заңгерлік, мәдениет және өнер). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы.

Функционалды міндеттері:

Мәдени – бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу; сценарийларды дайындау және мәдени-ойынсауық іс-шараларын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз ету; басқа да мәдениет және ұлттық, діни салт-дәстүр саласындағы тәжірибешілік шараларды өткізу. Аудан кітапханаларының, клубтарының және басқа мәдени мекемелердегі жұмыс жағдайына бақылау және сараптама жасау. Аудан мәдени-бұқаралық өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; шығармашылық дарынды балаларды іздеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру. Аудандағы шығармашылық ұжымдарды кәсіби іс-әрекетіне талдау жасау; тарихи-мәдени және басқа да заңнамалық функциялармен қарастырылған міндеттерді сақтауды қамтамасыз ету.

2) Дене шынықтыру және спорт жөніндегі бас маман, санаты Е-R-4 (2-03).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

        Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары (мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогикалық) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы.

Функционалды міндеттері:

Аудандық денешынықтыру және спорт жоспарларының дамуын өңдеу және жүзеге асыру; аудандық оқушылардың жарыстарын ұйымдастыру; облыстық жарыстарға қатысуға командаларды толымдау; жоғары тұрған инстанцияларға ақпараттық және статистикалық есептерді, сондай-ақ заңнамамен көрсетілген басқада міндеттерді ұсыну.

3) Бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі бас маман, санаты Е-R-4 (2-04).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

        Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары (бухгалтерлік, қаржылық, экономикалық), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (бухгалтерлік, қаржылық, экономикалық)  Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы.

Функционалды міндеттері:

Бөлім аппаратының есептерін, бухгалтерлік есептерін жүргізу; бөлімінің стратегиялық даму жоспарының есептерін құрастыру үшін мәліметтер жинау; активтерге, тез тозатын, нәрселерге және басқа материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу; мемлекеттік сатып алу жүргізу; бір идараға қарасты мәдениет кәсіпорындарының бухгалтерлік есептерін жүргізу және жәрдем ақшаның дұрыстық, мақсатты пайдалануды тексереді; салық комитетіне, статистика органына, жоғары органдарға есептер ұсыну; бөлім аппаратының қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу жоспарларын орындалуы туралы, мерзімді және жылдық есептер құрастыру; еңбек ақыны есептеу; қаржылық тәртіпті сақтау; шығындардың сметаларын және олардың есептерін штаттық кестені және т.б. құрастыру.                                                     

          Кәсіптік құзыреті: 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінін бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

1) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Репсубликасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7) шекті шамадан төмен емес қорытындыларымен тестілеуден өту туралы куәлік, құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы тиіс.

Сұхбаттасуға қатысуға жіберілген кандидаттар оларға қатысуы туралы ескерту берілген күннен бастап «Павлодар облысы Железин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлкеттік мекемесінде 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын сұхбаттасу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда осы тұлға сұхбаттасұға жіберілмейді.

2014-01-28 16:06:42

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz