Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырда бекітілген № 111 бұйрығымен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

E-R-1 санаты үшін:     

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-1

142461

192366

 

 

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)2-17-36, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Железин ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Железин ауданының селолық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Железин ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ-нің басшысы E-R-3 санаты, (коды 01-01).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің іс-қимылдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ауданның сәулет-қала құрылыстық іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады. Әзірленімдерді жүзеге асырады және сәулет және қала құрылысы жөніндегі аудандық бағдарламаларды  өкілеттік органның бекітілуіне ұсынады және олардың іске асы-рылу барысын бақылайды. Ауданның сәулет және қала құры-лысы аясында аудан әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалу-ын қамтамасыз етіп, ауданның аудандық атқарушы және өкілетті органдарының қарастырылуына ұсынады және олардың іске асырылу барысын бақылайды. Сәулет және қала құрылысы іс-қимылдары саласында мемлекеттік реттеу әдістемелік жүйесін әзірлейді, нарықтық қатынастарды  желтілдіруде, әлеуметтік се-ріктестікті дамытуда көмек көрсету. Ауданның елді-мекендері пункттеріндегі құрылыстардың, жоспарлау ережелерінің сақталу нормаларын бақылауды жүзеге асырады. Сәулет және қала құ-рылысы жобалық құжаттарының сапасын қадағалауды жүзеге асыру, қала құрылысы және сәулеттік-құрылыстық тәртіпті сақтау  және ұйымдастыру. Қала құрылысы объектілерін іске асыруға қатысу. Пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) белгіленген тәртіпте тіркеу және қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Құрылысты кеңейту, техникалық жаңарту, модернизациялау және ғимараттарға, құрылыстарға, инженерлік және көліктік коммуникацияларға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ аумақтық инженерлік, көріктендіру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консер-вациялау жөніндегі шешімдерге, аудандық маңызы бар объектілерді кәдеге жарату бойынша кешенді жұмыстар жүргізуге  қатысады. Сәулеттік-құрылыстық іс-қимылдар және елді-мекендер пункттерін көріктендіру саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жаза қолданады және құқық бұзушылықтарды қарастырады. Ауданның аумақтық қала құрылыстық жоспарлауының бекітілген кешенді сызбасын (аудандық жобалау жобасын), елді-мекендер пункттерінің бас жобаларын заңнамалармен белгіленген тәртіпте іске асыру бойынша іс-қимылдарды үйлестіреді. Жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. Құрылыс аясындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда бөлімнің нәтижелі жұмыстарын ұйымдастыру, білім, спорт, мәдениет, көріктендіру, ауыл шаруашылығы, инженерлік-коммуникациялық желілер, коммуналдық шаруашылық, аудан аумағындағы сумен жабдықтау жүйелері объектілерін дамыту және қайта құру, мемлекеттік тапсырысты орындауға мердігерлермен қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасауды қамтамасыз ету. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу және оларды өткізуді үйлестіреді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарастырады. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілік жүргізеді. Іс-қимылдары процесіндегі әкімшілік, қаржылық және басқа да мәселелерді шешеді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (техникалық ғылымдар және технология саласында саласында мына мамандықтар бойынша: «құрылыс», «жылуэнергетикасы», «көлік, көлік құралдары және технологиясы»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мына мамандықтар бойынша: «мемлекеттік және жергілікті басқару», «қаржы», «есеп және аудит», «менеджмент», «экономика»; құқық саласында мына мамандық бойынша: «юриспруденция», білім саласында мына мамандықтар бойынша: «физика», «информатика»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1.Өкiлеттi органымен белгiленген нысандағы өтініш;

            2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

            Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz