Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) Іс жүргізу жөніндегі бас маман, санаты E-G-3, (уақытша, негізгі қызметкердің бала кұтімі бойынша демалысы кезеңіне). 

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 53813 теңгеден 72391  теңгеге дейін.

Функционалды міндеттері:

Облыс, аудан, селолық округ әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырыстарын орындау бойынша ақпаратты беру және жүзеге асыруды, сонымен қатар жоғарғы органдардан келген құжаттарды  бақылауды жүзеге асырады. Селолық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты селолық округ әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобасын дайындауды жүзеге асырады.

Селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері бойынша кадрлық жұмысты, мемлекеттік қызметкерлердің аттестациялық материалдарын, селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтің бос орындарына алу бойынша сайысты өткізу үшін материалдарды дайындауды, мемлекеттік қызметкерлерге әрекеттегі заңмен  тағайындалған шектеулерді орындау бойынша бақылауды жүргізеді.

Іс жүргізуді, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін, шаруашылық бойынша есепті, жиналыстарды, кеңестерді және тұрғындардың жиылыстарын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын есеп береді. Нотариаттық әрекет жасайды және азаматтық хал актілерін тіркеуге қолғабыс етеді. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық), ортадан кейінгі  (экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей алуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) Жастар ісі және спорт жөніндегі бас маманы, санаты E-G-3.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай – 53813 теңгеден 72391  теңгеге дейін.

     Функционалды міндеттері:

Облыстық және ауданлық  бағдарламаларды орындауды, жергілікті дәрежеде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша шара жоспарын , ұйымдастырып жүзеге асырады; округ жастарымен жұмыс жасайды. Жастардың бейресми, қоғамдық бірлестіктерінің дамуына қолғабыс жасайды. Мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады. Қоғамдық және діни бірлестіктермен, саяси партия және, де басқа да ұйымдармен құзіреттіліген қатысты сұрақтар бойынша өзара қарым-қатынас жасайды. Селоның,ауданың,облыстның  әкімінің тапсырмасын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары  білім (мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогигалық, заңдық),  ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі   (педагогигалық, заңдық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінін бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

1) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Репсубликасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7) шекті шамадан төмен емес қорытындыларымен тестілеуден өту туралы куәлік, құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы тиіс.

Сұхбаттасуға қатысуға жіберілген кандидаттар оларға қатысуы туралы ескерту берілген күннен бастап «Павлодар облысы Железин ауданының әкімі аппараты» мемлкеттік мекемесінде 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын сұхбаттасу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда осы тұлға сұхбаттасұға жіберілмейді.

2014-01-29 11:40:19

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz