Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1. «Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ кадрлық жұмыстар, құрылыс және мемлекеттік сатып алу бойынша бас маманы, санаты ER-4 (2-02 коды).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай- 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар:

Жоғары білім (мемлекеттік басқару, бухгалтерлік, экономикалық, техникалық, құрылыс) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (бухгалтерлік, экономикалық, техникалық, құрылысшы).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

Функционалдық міндеттері:

Объектілерді қайта жаңғыртуына, құрылыс облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Құрылыс сұрақтары бойынша ауданның кәсіпорындармен және мекемелермен қарым-қатынас жасау. Оларды өткізу және мемлекеттік сатып алу бойынша сайыс құжаттамаларды жасау. Келісімнің міндеттеріне сәйкес құрылыс облысында көрсетілген қызметтер және орындалған жұмыстардың қабылдауы. Біткен құрылысты тапсыру бойынша жұмыс ұйымдастырылуы, олардың ұйымдарына және кәсіпорындарына пайдаланатын балансына және объектілерді қайта жаңғыртуын алып-беру. Құрылыс нормаларды және ережелерді қадағалаудың бақылауы. Кадрлық жұмыстарды жүргізу және қамтамасыз ету.

2. «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, санаты ER-4 (02-1-2 коды).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай- 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар:

Жоғары білім (мемлекеттік басқару, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

Функционалдық міндеттері:

 Білім, мәдениет іс шараларын бағыттайды, мекеменің шығыны бойынша аудандық бюджеттің жобасына есеп айырысуды құрастырады, бағытталған салалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізеді.

3. «Железин ауданы Веселорощин селолық округі әкімінің аппараты» ММВедущий специалист ГУ «Аппарат акима Веселорощинского сельского округа Железинского района» EG-4  (код 1-5)

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай- 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар:

жоғары немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, бухгалтерлік, ауыл шаруашылық, техникалық, заңгерлік), не орта техникалық немесе кәсіптік білім (экономикалық, заңгерлік, педагокалық, бухгалтерлік, техникалық, ауыл шаруашылық).

 Функционалдық міндеттері:

Жұмысты ұйымдастыру және тұрғын-коммуналдық округтің қызметін бақылау, округ селоларының санитарлық жағдайын, абаттандырушылыққа, жасылатуға, жолдарды және айналма жолдарды жөндеуге, қоқыс төгетін жерді округ селоларын ұстау. Келісімшарттар және мемлекеттік тапсырыс бойынша есептеулерді орындау. Аппатық жағдайлар, мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша жұмысты басқарады. Шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке кәсәпкерлермен жұмыс. Әлеуметтік мәселелер бойынша, сондай-ақ табысы аз отбасылармен, зейнеткерлермен, мүгедектермен жұмысты жүргізеді. Атаулы әлеуметтік көмекті, бала жәрдемақысын және басқа да төлемдерді ресімдеу үшін құжаттарды қабылдауды жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Атаулы әлеуметтік көмек пен бала жәрдемақысын көрсету бойынша комиссия жұмысын ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүрісін бақылау бойынша жұмыссыз азаматтармен жұмыс. Селолық округ жастарымен жұмысты ұйымдастыру. Олардың орындалуын қадағалау,  селолық округ әкімінің тапсырмаларын орындау.

Көрсетілген барлық лауазымдарының кәсіби біліктілік талаптары:

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазым ға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (Бұдан әрі-Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті конкурсты өткізу  туралы хабарландырудың соңғы  жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

1)     уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;

2)     уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3×4 мөлшеріндегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6)     Қазақстан Республикасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7)     шекті шамадан төмен емес қорытындыларымен тестілеуден өту туралы куәлік,құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы тиіс.

     Сұхбаттасуға қатысуға жіберілген кандидаттар оларға қатысуы туралы ескерту берілген күннен бастап «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы , ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсібі қызметін, біліктілігін сипатттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын сұхбаттасу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда осы тұлға сұхбаттасуға жіберілмейді.

2014-03-06 10:08:20

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz