Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1. Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, санаты ER-4 (02-1-2 коды).

Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай - 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар:

Жоғары білім (мемлекеттік басқару, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

Функционалдық міндеттері:

Білім, мәдениет іс шараларын бағыттайды, мекеменің шығыны бойынша аудандық бюджеттің жобасына есеп айырысуды құрастырады, бағытталған салалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізеді.

2. «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ бюджетті орындау бойынша бас маман (код 03-1-3)

Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай - 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар:

Жоғары білім (мемлекеттік басқару, бухгалтерлік, экономикалық, заңгерлік) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (бухгалтерлік, экономикалық, заңгерлік).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

 Функционалдық міндеттері:

Коммуналдық меншігіне қатысты меншік иесінің құқығын іске асыру, жеке негіздемелер бойынша ауданның коммуналдық меншігіне түскен мүлікпен жұмыс жасау. Өз шегінде құзырет коммуналдық мүлік басқару саласында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында жергілікті атқарушы органдардың, олардың құзыретіне енетін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіру. Өзінің құзыреті шегінде ауданның коммуналдық мүлігін басқару міндетін орындау. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, актілер жобасын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөнінде іс-шаралар өткізеді. Қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдай мен тәртіпте аудандық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне табыстау туралы шешімдерге жоба әзірлеу. Аудандық коммуналдық меншікті пайдалану, соның ішінде оны кепілдікке, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдерге жобалар әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікке есеп жүргізуді ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік ақылы (жалға), ссуда шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға, концессияға табыстау, жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейін сатып алу құқысыз, кейін сатып алу құқымен, немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейін табыстау құқымен табыстау шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға беру үшін шешімдердің жобаларын әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңңамасына сәйкес оған жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындау. Бөлім жұмысы бойынша бұйрықтар мен қаулыларды әзірлеу, 1-ОЛ үлгідегі статистиқалық есепті тапсыру, заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін жүргізу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

2. «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ есеп жөніндегі бас маман (код 01-3)

Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53814 теңгеден 72392 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар:

Жоғары білім (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банкілік) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банкілік).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет.

 Функционалдық міндеттері:

Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді.

Көрсетілген барлық лауазымдарының кәсіби біліктілік талаптары:

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазым ға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» (Бұдан әрі-Қағида) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті конкурсты өткізу  туралы хабарландырудың соңғы  жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс:

1)     уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш;

2)     уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша 3×4 мөлшеріндегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама;

3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжатының көшірмесі;

4) нотариалды куәландырылған еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6)     Қазақстан Республикасы азаматы куәлігінің көшірмесін;

7)     шекті шамадан төмен емес қорытындыларымен тестілеуден өту туралы куәлік,құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы тиіс.

     Сұхбаттасуға қатысуға жіберілген кандидаттар оларға қатысуы туралы ескерту берілген күннен бастап «Железин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелерді беру туралы құжаттар көшірмелерін, мінездемелер, нұсқаулар, ғылыми мақалалар, кәсібі қызметін, біліктілігін сипатттайтын өзге де мәліметтер).

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта арқылы электронды түрде бере алады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын сұхбаттасу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасын бермеген жағдайда осы тұлға сұхбаттасуға жіберілмейді.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

         Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

2014-05-05 17:42:08

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz