Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) бөлімінің бас маманы - мемлекеттік тілдегі құжаттарының редакторы (Е-4 санаты, (коды 07-1-1) негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің шешімдері, өкімдерінің, аудан әкімі аппараты бөлімдері ақпараттарының, аудан әкімдігі отырысының, азаматтар үндеулерінің  аудармасын жүзеге асыру. Аудандық атқарушы органдардан, селолық округ әкімі аппараттарынан келіп түскен құжаттарды редакциялау (түзету, өңдеу). Өкілеттігі шегінде, ауданның мемлекеттік органдарында және селолық округ әкімі аппараттарында  мемлекеттік тілде және орыс тілінде іс-жүргізуді ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (педагогикалық, мемлекеттік басқару, техникалық, ауылшаруашылық), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының Прииртышск селолық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман (E-G-3 санаты, (коды 1-04)). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік МӘК және бала  жәрдем ақшасын   хаттау құжаттарын  қабылдауды жүргізіеді. Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінде тұратын азаматтардың есебін жүргізеді. Жұмыссыздармен жұмыс жүргізеді. Туберкулез ауруымен ауратындар мен бостандығын айырған жерлерден келгендердің есебін жүргізу. Көп балалы аналарды марапаттауға құжаттар жинау. Маргиналдық топтарды құжаттандыру үшін  құжаттар жинастыру. Зейнеткерлермен, жалғыз тұратындармен, мүгедектермен жұмыс жасап, есебін жүргізу. ҰОС ардагерлерін, тың ардагерлері, ауған сарбаздары, чернобыльшылармен жұмыс және есеп жүргізу. Азаматтардың өтініштері мен хаттарымеен жұмыс. Қарттар күніне  тізімді дайындау.

Әлеуметтік нашар тұратын отбасыларына көмек көрсету бойынша ұсыныс жобаларын дайындау. Аз қамтылған отбасыларын анықтайды, жұмыспен қамту бойынша ұсыныстар енгізіп отырады, жалғыз тұратындар мен  қарттарды, жұмыс істей алмайтын   азаматтардың үйіне барып, әлеуметтік қызмет көрсету. Әлеуметтік қызметкерлердің  ісін бақылауды жүзеге асырады.   Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары  білім (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, техникалық),  ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі    (экономикалық, заңгерілк, педагогикалық, техникалық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3) «Железин ауданының Озерный селолық округі әкімінің аппараты» ММ есеп жөніндегі жетекші маманы (E-G-4 санаты, (коды 1-02)). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банкілік), не орта техникалық немесе кәсіптік білім (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банкілік).

Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

Е-4, E-G-3, E-G-4 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2014-06-10 18:42:43

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz