Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1. «Железин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ   мәдениет жөніндегі бас маманы, санаты ER-4 (2-01 коды) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай - 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

 Мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу, сценарийлерді дайындау және мәдени-ойынсауық іс-шараларын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз ету, сонымен қатар басқа да мәдениет және ұлттық, діни салт-дәстүр саласындағы тәжірибелік шараларды өткізу; аудан кітапханалары, клубтарының және басқа мәдени мекемелердегі жұмыс жағдайына бақылау және сараптама жасау; ауданның мәдени-бұқаралық өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; шығармашылық дарынды балаларды іздеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру; аудандағы шығармашылық ұжымдардың кәсіби іс-әрекетіне талдау жасау; тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету және заңнамамен қарастырылған басқа да функциялар.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: 

Жоғары (мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогикалық, заңгерлік, мәдениет және өнер), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, заңгерлік, мәдениет және өнер).

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде жұмыс істей алуы.

2. «Железин ауданының Алакөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ  жастар ісі және спорт жөніндегі бас маманы, санаты EG-3 (02-04 коды).

Лауазымдық еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай- 53813  теңгеден 72391  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Облыстық және аудандық  бағдарламаларды орындауды, жергілікті дәрежеде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Селолық  округ жастарымен жұмыс жасайды. Жастардың бейресми, қоғамдық бірлестіктерінің дамуына қолғабыс жасайды. Мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады. Қоғамдық және діни бірлестіктермен, саяси партия және    басқа да ұйымдармен өзінің құзіреттілігіне қатысты сұрақтар бойынша өзара қарым-қатынас жасайды. Селолық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқатысушығақойылатынталаптар

Жоғары  білім (мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогигалық, заңгерлік, экономикалық),  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогигалық, заңгерлік, экономикалық).

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде жұмыс істей алуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕR-4, EG-3: санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2014-09-02 16:55:06

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz