Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің мемлекеттік сатып алулар және есеп жөніндегі бас маман, ЕR-4 санаты, (коды 02-01). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімде мемлекеттік сатып алу процедураларын өткізу ережелерін сақтау және өткізу, ұйымдастыру процедураларын орындайды. Статистикалық мекемелерге, салық органдарға статистикалық есептерді және бухгалтерлік есептерді жүргізеді, бюджетті қаражаттарды мақсатты пайдалану үшін бақылау, Қазнашылық органдар арқылы жүргізетін есеп операцияларын бақылау, тауар-затты бағаларды есептеу, Қазнашылық органдарында келісім шарттармен хаттамаларды тіркеу, жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу, еңбекақыларды есептеу, жабдықтаушылармен есептесулерді салыстыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (мемлекеттік басқару, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, банктік), ортадан кейінгі білімі барларға (мемлекеттік басқару, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, банктік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің  бас маманы – тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік инспекторы, ER-4 санаты, (коды 2-04). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аттестацияланған тұқым шаруашылығы субьектілері қызметтерінің сапасын тексереді; мамандандырылған талаптарға сәйкес келетін тұқымдарға аттестатталған өндірушілер қызметтеріне инспектирование жүргізеді; тұқым қорына салынатын тұқым сапасы мен санына бақылау жүргізеді; тұқым учаскілерін жоспарлау; ауыл шаруашылығының тұқымдарын енгізуді бақылау;тұқым шаруашылығында есеп пен есеп беруді жүргізу бойынша жұмыс; тұқымды  даярлау және тұқым қоймаларын дайындаулы бақылау; тұқымдық балансты құру; сортты және жалпы тұқым салудағы бүлдірушілерге айқас мәселелері бойынша үйлестіру жұмыстарына қатысу; олардан есеп беру жасау; бюджеттен бөлінетін тұқымсалу және қарау бойынша тұқым шаруашылығындағы айқас  үшін қаржылық ( несиелік қаражат) бақылау және игеру; заңнамен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген өзге өкілеттікті жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ауылшаруашылық, агрономиялық, мемлекеттік басқару), ортадан кейінгі білімі барларға (ауылшаруашылық, агрономиялық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3) «Железин ауданының Қазақстан селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маманы, EG-3 санаты, (коды 07-03). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Селолық округ аппараты қаржылық  іскерлігін қамтамасыз ету функциясын іске асыру, мақсатты және мезгілінде бөлінген бюджет қаражатын меңгеру,ақша  қозғалысы, шығын сметасын орындау,мемлекеттік бюджетке төлемдерін дұрыс белгілеп, аудару дұрыстығы, ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік көтере сатып алуды іске асыру. Жұмыс, заттар мен қызмет берушілермен келісімге отыру. Дебиторлық, кредиторлық қарыздармен жұмыс атқару, негізгі қаражаттар мен заттай материалдық құндылықтарды есепке алу, бюджет қаражатын жоспарлау. Қаражаттандыру жоспарын іске асыру, айлық, тоқсандық, жылдық сатистикалық  есеп құрастыру. Заңнамамен белгіленген басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банкілік), ортадан кейінгі білімі барларға (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банкілік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

4) «Железин ауданының Прииртышск селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маманы, EG-3 санаты, (коды 12-03). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін жүргізу (қоғамдық көлік қозғалысы, көріктендіру, жарықтандыру, абаттандыру, селолық округтің елді мекендерін санитарлық тазалау, қоқыс тастайтын жерлерді ұстау). Коммуналдық тұрғын үй қорын  және  селолық округтің тапсырылған коммуналдық мүлігін сақтауды қамтамасыз ету. Туысы жоқтарды жерлеуді және  бейіттер мен басқа жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Селолық округтің жерлерінде мал бағу орнын анықтау. Сәйкесті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары туындауы жағдайында бас мемлекеттік вет-сан. инспектордың ұсынуы бойынша шектеу шараларын не карантин белгілеу туралы шешімдер  қабылдау. Сәйкесті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары ошағын жою бойынша кешенді ветеринариялық шаралар өткізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу шараларын не карантинді алып тастау туралы шешімдер  қабылдау. Спорттық мерекелік шараларды ұйымдастырады және жүргізеді. Жағажайлардың санитариялық жағдайына жауапты. Селолық округ әкімінің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (экономикалық, ветеринарлық, зоотехникалық, бухгалтерлік, ауылшаруашылық, техникалық, заңгерлік), ортадан кейінгі білімі барларға (экономикалық, ветеринарлық, зоотехникалық, бухгалтерлік, ауылшаруашылық, техникалық, заңгерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕR-4, E-G-3, санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2014-09-25 17:26:01

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz