Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы, ЕR-1 санаты, (коды 1-01). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімнің құзырына кіретін ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды орындау. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлеу  және жүзеге асыру. Спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткізу. Аудандық құрама командалардың спорт түрлері бойынша дайындығын және олардың облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамыту. Екінші және үшінші, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша ұсыныстар енгізу. Аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру. Аудан аумағында спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру. Аудан аумағындағы спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыруды үйлестіру.  Облыстық атқару органына аудан бойынша дене шынықтыру мен спорттың дамуы бойынша мәлімет ұсыну. Жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілікке тартылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (педагогикалық, экономикалық, заңгерлік, техникалық, мемлекеттік басқару). Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы, ER-1 санаты, (коды 1-01). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ауданның ветеринария бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жалпы басшылықты  жүзеге асырады, өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, бөлімді мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда таныстырады, ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады, бөлім  құзыретіне  кіретін  мәселелер  бойынша  қолданыстағы  заңнамамен  белгіленген  тәртіпте  аудан  әкімі  мен  әкімдігінің қарауына  ұсыныстар  енгізеді, уәкілетті   органмен   келісім  бойынша  аудан   аумағында   ветеринариялық-санитариялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  ветеринариялық  іс-шаралар   жоспарларын  бекітеді, жануарлардың  аса   қауіпті   ауруларының  профилактикасы  бойынша   ветеринариялық препараттарды  сақтауды,  тасымалдауды (жеткізуді)  ұйымдастырады, профилактикасы  мен  диагностикасы   бюджет   қаражаты  есебінен   жүзеге   асырылатын  жануарлардың энзоотикалық   ауруларының   тізбесін  әзірлейді   және  уәкілетті   органға   береді, жануарлардың   энзоотикалық  ауруларының   профилактикасы   бойынша   ветеринариялық  препараттарды, олардың  профилактикасы  мен  диагностикасы   жөніндегі қызметтерді  мемлекеттік  сатып  алуды, оларды  сақтауды  және   тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге  асырады, Қазақстан  Республикасының  ветеринария  саласындағы  заңнамасында   белгіленген  тәртіппен   ветеринариялық   есепке   алуды  және  есептілік   жүргізуді,  жинақтауды, талдауды  жүзеге  асырады   және  оларды  уәкілетті   органға  табыс  етеді, ауыл  шаруашылығы   жануарларын  бірдейлендіру   жөніндегі  іс-шараларды   өткізуді  және  ауыл  шаруашылығы  жануарларын   бірдейлендіру  бойынша  дерекқорды   жүргізуді   ұйымдастырады, халықтың   арасында   ветеринария  мәселелері   бойынша   ағарту   жұмыстарын  ұйымдастырады   және   жүргізеді, жануарларды  өсіруді, жануарларды,  жануарлардан  алынатын   өнімдер  мен   шикізатты  дайындауды (союды), сақтауды, қайта   өңдеуді  және  өткізуді   жүзеге   асыратын   өндіріс   объектілерін,  сондай-ақ ветеринариялық  препараттарды, жемшөп  және жемшөп  қоспаларын өндіру,  сақтау жөніндегі ұйымдарды   пайдалануға   қабылдайтын   мемлекеттік  комиссияны  ұйымдастырады, аудан  аумағында  жануарлардың   жұқпалы  және  жұқпалы  емес   аурулары   бойынша   эпизоотиялық  жағдайды  зерделейді, аса   қауіпті  аурулардың, сондай-ақ жануарлардың  энзоотиялық   ауруларының  профилактикасы   бойынша  ветеринариялық  іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз  етеді, елді  мекен  жерлерінде  жануарларды   жаюға  арналған орындарды  анықтайды, қаңғыбас  иттер  мен  мысықтарды  аулауды  және   жоюды  ұйымдастырады, мал  көмінділерін (биотермиялық  шұңқырларды)  салуды  ұйымдастырады  және оларды  ветеринариялық  нормативтерге  сәйкес  ұстауды  қамтамасыз  етеді, Железин  ауданының мәслихатына  елді мекендерде  жануарларды  ұстау, иттер  мен  мысықтарды серуендету  ережелерін, жануарларды  ұстаудың  санитариялық  аймақтарының шекараларын   белгілеу  жөніндегі  ұсыныстарды  бекітуге  енгізеді, жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізеді және ол үшін дербес жауапкершілік жүргізеді, Бөлім құзіретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ветеринарлық, зоотехникалық). Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕR-1 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2014-12-25 16:59:17

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz