Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттің орындалуы бойынша бас маманы, ЕR-4 санаты, (коды 03-1-03). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншігіне қатысты меншік иесінің құқығын іске асыру, жеке негіздемелер бойынша ауданның коммуналдық меншігіне түскен мүлікпен жүмыс жасау. Өз шегінде құзырет коммуналдық мүлік басқару саласында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында жергілікті атқарушы органдардың, олардың құзыретіне енетін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіру. Өзінің құзыреті шегінде ауданның коммуналдық мүлігін басқару міндетін орындау. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, актілер жобасын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөнінде іс-шаралар өткізеді. қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдай мен тәртіпте аудандық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне табыстау туралы шешімдерге жоба әзірлеу. Аудандық коммуналдық меншікті пайдалану, соның ішінде оны кепілдікке, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдерге жобалар әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікке есеп жүргізуді ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік ақылы (жалға), ссуда шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға, концессияға табыстау, жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейін сатып алу құқысыз, кейін сатып алу құқымен немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейін табыстау құқымен табыстау шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға беру үшін шешімдердің жобаларын әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындау. Бөлім жұмысы бойынша бұйрықтар мен қаулыларды әзірлеу, 1-ОЛ үлгідегі статистикалық есепті тапсыру, заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін жүргізу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (мемлекеттік басқару, бухгалтерлік, экономикалық, заңгерлік), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (бухгалтерлік, экономикалық, заңгерлік).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің дене шынықтыру және спорт жөніндегі бас маман, ER-4 санаты, (коды 2-01). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудандық денешынықтыру және спорт жоспарларының дамуын өңдеу және жүзеге асыру. Аудандық жарыстарын ұйымдастыру. Облыстық жарыстарға қатысуға командаларды толымдау. Жоғары тұрған инстанцияларға ақпараттық және статистикалық есептерді, сондай-ақ заңнамамен көрсетілген басқада міндеттерді ұсыну.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (педагогикалық, заңгерлік, гуманитарлық, экономикалық, техникалық, мемлекеттік және жергілікті басқару), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, техникалық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕR-4 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-01-23 18:00:54

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz