Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің басшысы, Е-1 санаты, (коды 1-03). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 115954 теңгеден 156314 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан экономикасын жедел басқару мәселелері, индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру. Ауданның басымды әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, қаржы және салық саясаты, қор және сақтандыру нарығын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. Аудандағы шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері. Жергілікті бюджет қаржыларының шығындарын және жиынын бақылау және сараптау мәселелері. Тендерлік саясатты жүзеге асыруды бақылау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері. Пошталық байланыс, коммуналдық меншікті пайдалану мәселелері. «Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері. Тұрғын үй комиссиясының мәселелері. Мемлекеттік жеке серіктестік мәселелері. Ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, ауданның қаржы бөлімінің, ауданның жұмыспен қамту орталығының іс-қимылдарын үйлестіру. Железин ауданы бойынша салық басқармасымен, Железин аудандық Қазынашылық бөлімімен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалымен, «Қазақстан Республикасы  Әділет  министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Железинка филиалымен.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (мемлекеттік басқару, экономикалық, заңгерлік). Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің еңбек нарығын сараптау және жұмыссыз азаматтарды тіркеу жөніндегі  бас маман, ER-4 санаты, (коды 1-04.1), (негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ашық еңбек нарығы мониторингін жүзеге асыру. Оралмандармен жұмысты ұйымдастыру (есепке алу, жұмысқа орналасуға және әлеуметтік төлемдер алуға жәрдемдесу); жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді құрастырып және жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекетін үйлестіру және реттеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау; жұмыспен қамту саласында қосымша шаралармен қамтылған және қоғамдық жұмыстарға қатысатын, «Еңбек нарығы» кәсіптік оқудан өтетін азаматтардың автоматтандырылған дерекқорын қалыптастыру; жұмыспен қамту мәселелері бойынша үндеген азаматтарды есепке қою және тіркеу; азаматтарға тиісті жұмыс таңдауға, жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеуге қолғабыс көрсету; нысанды топтар құрамына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету; азаматтарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу; тұрғындардың әлеуметтік осал жіктері үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілермен жұмыс жүргізу; ҚР «Жұмыспен қамту туралы» Заңын қолдану мәселелері бойынша азаматтардың үндеулері мен жазбаша және ауызша шағымдарын қарастыру; жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандығы жөнінде жұмыссыз анықтама беру; өздігімен қамтылуды ұйымдастыруда жұмыссыз азаматтарға қолғабыс көрсету; аймақтық жұмыссыз азаматтар дерекқорын жүргізу; 1Т, 2Т нысандары бойынша есептілік құрастыру. Ауданның халықтарымен кездесу үшін семинарларға, кеңестерге аналитикалық материалдарды дайындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (экономикалық, есепшілік, қаржылық, банкілік, мемлекеттік басқару, техникалық, заңгерлік, педагогикалық, ауыл шаруашылық), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (экономикалық, есепшілік, қаржылық, банкілік, техникалық, заңгерлік, педагогикалық, ауыл шаруашылық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

Е-1 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ)  Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

ЕR-4 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.


2015-02-13 10:53:23

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz