Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің аудан әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, (коды 1-03). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 115954 теңгеден 156314 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан экономикасын жедел басқару мәселелері, индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру. Ауданның басымды әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, қаржы және салық саясаты, қор және сақтандыру нарығын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. Аудандағы шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері. Жергілікті бюджет қаржыларының шығындарын және жиынын бақылау және сараптау мәселелері. Тендерлік саясатты жүзеге асыруды бақылау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері. Пошталық байланыс, коммуналдық меншікті пайдалану мәселелері. «Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері. Тұрғын үй комиссиясының мәселелері. Мемлекеттік жеке серіктестік мәселелері. Ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, ауданның қаржы бөлімінің, ауданның жұмыспен қамту орталығының іс-қимылдарын үйлестіру. Железин ауданы бойынша салық басқармасымен, Железин аудандық Қазынашылық бөлімімен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалымен, «Қазақстан Республикасы  Әділет  министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Железинка филиалымен.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология, ауыл шаруашылық ғылымдары, қызметтер салаларында..

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маман, E-4 санаты, (коды 09-1). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Азаматтық жағдай актілерін уақытылы және дұрыс тіркеуді қамтамасыз ету. Селолық округ мамандарына практикалық көмек көрсету. Елтаңбалық бланкілерді, азаматтық хал актіні тіркеудің актілік жазбаларын, актілік жазбалар көшірмелерін дұрыс толтыру үшін жеке жауапты. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, некеге тұру туралы өтініштерді қабылдайды. Аты-жөнін өзгерту бойынша азаматтарды қабылдау және құжаттарын рәсімдеу. Азаматтық хал актілерін жазуға түзетулер, өзгерістер енгізу, актілік жазуларды жою және қалпына келтіру. Қайта куәлік алу мәселесі жөніндегі азаматтардың сауалдарын қарау және орындау. Бала асырап алуды тіркеу жөніндегі мәселелерді қарау. Соттың шешімі және жұбайлардың өзара келісімі бойынша некенің бұзылуын рәсімдеу. Некенің бұзылуы туралы актілік жазуға тузетулер енгізу. Перзентханада жаңа туған балаларды тіркеуді жүргізу. Әкімшілік  материалдарды толтыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, нақты ғылымдар, техникалық ғылымдар және технология, қызметтер салаларында, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (заңгерлік, педагогикалық, техникалық, экономикалық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, E-4 санаты, (коды 04-1-1), (уақытша бос орын, негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 59579 теңгеден 80720 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Кіріс құжаттарды орындаушыларға жеткізу және тіркеу жүргізу. Шығыс хат-хабарларды уақытылы жіберу және тіркеу. Аудан әкімі аппаратындағы құжаттар айналымының көлемі жөнінде ай сайын ақпарат әзірлеу. Жоғары және жергілікті ұйымдардың кіріс хат-хабарларының уақытылы оруындалуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімі аппараты бөлімдеріндегі істердің сақталуын, ресімделуін және дұрыстығын қалыптастыруды бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің тіркеу журналдарын жүргізу. Ауданның атќарушы органдарына және селолық округ әкімдері аппараттарына іс-жүргізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік көмек көрсету.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, нақты ғылымдар, техникалық ғылымдар және технология, ауыл шаруашылық ғылымдары, қызметтер салаларында, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, техникалық, экономикалық, заңгерлік, ауылшаруашылық).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурстыз комиссия жұмысының анықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында байқаушылардың қатысуы жіберіледі.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

Е-1 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ)  Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Е-4 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-02-18 17:16:18

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz