Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының Прииртышск селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маман, EG-3санаты, (коды 12-02). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Селолық округі әкімінің бюджеттік бағдарламаларын жасау және аудан әкімдігіне бекітуге енгізу. Селолық округтің кіріс және шығыс бойынша бюджетінің орындалуына есеп жүргізу. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыруға жарна есептеу және аудару.  Түсетін ақшалай қаражаттарды есепке алу және оларды бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету. Материалдық есеп жүргізу. Әкім аппаратының қаржылық бөлігіне қатысты айсайын, тоқсансайын есептерді жоғары тұрған органдарға ұсыну. Әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және оларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке енгізу. Салық төлемдерінің жиналуын бақылау. Әкімнің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банктік), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, банктік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының Веселорощин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман, EG-3 санаты, (коды 04-03). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аз  қамтамасыз етілген азаматтармен жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын ресімдеуге құжаттарды қабылдауды. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және  және  тұрғындарды әлеуметтік  қорғау саласындағы басқа мәселелер бойынша әдістемелік және түсіндіру жұмысын жүргізу. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасмалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметтерін көрсету. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрған тұлғаларды, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларды, туберкулезбен ауыратындарды, көпбалалы аналарды есепке алу. Маргиналды топтарға, мүгедектерге құжаттар ресімдеуге құжаттарды жинау. Жалғызбасты, жалғыз тұратын қарт адамдармен, мүгедектермен, знйнеткерлермен, Ұлы Отан соғыс қатысушыларымен және мүгедектермен, тыл еңбеккерлерімен, ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен, чернобыльдықтармен жұмыс.Олар бойынша тізімдер жасау, тізімдерді үнемі түзетіп отыру. Қарттар күніне орай ұйымдарға, ШҚ,ЖК бекіту үшін зейнеткерлердің тізімдерін жасау. Қайырымдылық әрекеті бойынша ақпарат жинау және дайындау. Тұрғындардың осал топтарына қайырымдылық көмек бойынша ұсыныстар жобасын дайындау. Жалғызбасты, қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Әлеуметтік қызметшілердің жұмысына бақылауды жүзеге асыру. Өтініш берушінің біржолғы материалдық көмек алуға құқығы туралы мәселені шешу үшін өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасау. Жалғыз басты зейнеткерлерді және мүгедектерді Мүгедектер және психохрониктерге арналған интернат үйіне ресімдеуге көмек көрсету. Азаматтарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберу. Жұмыссыз азаматтарды есепке алу. Еңбекке қабілетті тұрғындар бойынша есепті және құзыреттілігі бойынша есептілікті ұсыну. Селолық округ әкімінің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: жоғарғы білім (экономикалық, бухгалтерлік, ауылшаруашылық, техникалық, заңгерлік) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, бухгалтерлік, техникалық,  ауылшаруашылық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

3) «Железин ауданының білім бөлімі» ММ-нің бас маманы – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, ER-4 санаты, (коды 1-04). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылығын, қадағалаусыз жүруін алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс ұйымдастыру. Білім беру мекемелерінде кәмелетке жасы толмағандармен тәрбие жұмыстарын өткізуді бақылауды іске асыру. Кәмелетке жасы толмағандардың істері бойынша және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық  комиссияның отырыстарына қаралатын мәселелерді және азаматтардың өтініштеріне жауаптарды дайындау. Әлеуметтік саласындағы кеңес-мәжіліс органдарының отырыстарында хаттама жүргізу. Облыс және аудан әкімінің қаулыларының, нормативтік-құқықтық актілерінің, аудан әкімінің тапсырмаларының, облыстық құрылымдарының қызметтік хат-хабарларына қарарларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (педагогикалық, заңгерлік), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, заңгерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурстыз комиссия жұмысының анықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында байқаушылардың қатысуы жіберіледі.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕG-3, ER-4 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-07-10 16:23:24

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz