Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің басшысы, ER-1 санаты, (коды 1-01). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттің орындалуы бойынша бөлім қызметкерлерімен өткізілетін жұмыстардың сапалы әрі өз уақытында істелінуін бақылау, ұйымдастыру және бөлім қызметін үйлестіру. Бюджеттің орындалуы бойынша әдістемелік басшылық, бюджет қаржысының тиімді және  мақсатты пайдалануды бақылауды жүзеге асыру. Қаржы жылына тиісті аудан мәслихатының аудан бюжеті туралы шешім жобаларын әзірлеуге, бюджетке қосымша мен өзгертулер енгізуге қатысу. Қаржы жылына тиісті мәслихат шешімдерін жүзеге асыру туралы аудан әкімдігінің қаулыларын әзірлеуге қатысу. Аудан бюджетіне түсімдерін болжауға қатысу. Мемлекеттік сатып алу мониторингін өз уақытында бақылау және ұйымдастыруды жүзеге асыру. Бөлім қызметкерлерімен өткізілетін Ауданның коммуналдық меншігіндегі обьектілерді сапалы әрі өз уақытында пайдалануды, мемлекеттік сатып алу процесстерін  бақылау, ұйымдастыру және бөлім қызметін үйлестіру.  Коммуналдық меншікті басқару және пайдалану, иелік ету мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметін үйлестіруді бақылау мен ұйымдастыру. Аудан әкімдігіндегі қаралатын коммуналдық меншіктегі обьектілерді пайдалану, сату жолымен, жалға беру, сенім басқармасына тапсыру, пайланылмайтын кісі жасамайтын үйлерді кіші кәсіпкерлік субьектілерге тапсыру, кісі жасамайтын үйлерді жекешелендіру туралы ұсыныстар енгізу бойынша бақылау және ұйымдастыру. Қаржы бөлімінің функцияларына сәйкес қабылданатын аудан әкімі қаулы жобалары, қызметтер мен жұмыстар, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттар, шарттар, заңды сараптама бойынша бақылау және ұйымдастыру. Бөлімнің мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізуін бақылау. Бөлім шеңберінде жеке мәселелер бойынша қабылдау. Бөлімнің арыз талаптарын бақылау жіне ұйымдастыру. Аукцион тәсілінде өткізілетін мемлекеттік сатып алуларды өткізу және ұйымдастыруды бақылау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (мемлекеттік басқару, экономикалық, қаржылық). Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, не жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы. Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурстық комиссия жұмысының анықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында байқаушылардың қатысуы жіберіледі.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕR-1 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-08-06 09:19:45

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz