Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттің орындалуы бойынша бас маманы, ER-4 санаты, (коды 03-1-5). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан бюджетінің орындалуы бойынша ай сайынғы мемлекеттік есеп берушілікті құрастыру, ауданның кредиторлық және дебиторлық қарыздары. Төлем және міндеттеме бойынша аудан бюджетінің қаржыландыру жиынтық есебіне өзгертулер еңгізеді, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге анықтама құрады, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге бюджет әкімшілік бағдарламаларына өтінім қабылдайды, бюджет қаражаттарын игеруге мониторинг ықпал етеді, бюджеттің орындалуы және анықтау хаты туралы оның орындалуы бойынша жылдық есеп құрады, торап бойынша жылдық есеп құрады, бюджет орындалуы бойынша тоқсандық, жылдық есептердің ұсынылуын қамтамасыз етеді, бюджеттік мекемелер бойынша кредиторлық және дебиторлық, жоғарыда тұрған мекемелерге ақпаратты ұсынады. Аудан бюджетінің кіріс бойынша орындалуы ай сайынғы мемлекеттік есеп берушілікті құрастыру, аудан бюджетінің түсім жиынтық есебіне өзгертулер еңгізеді, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге анықтама құрады, бюджет кірісі бойынша мониторинг ықпал етеді, бюджеттің орындалуы және анықтау хаты туралы оның орындалуы бойынша жылдық есеп құрады бюджеттік Кодекске сәйкес орындаушы және ұсынушы органдар өзге міндеттерін қамтамасыз етеді. Бөлінген қаражаттардың мақсаттық жұмсалуының сұрағы бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларында «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары бойынша, ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (бухгалтерлік, қаржылық, экономикалық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2) «Железин ауданының білім бөлімі» ММ-нің бас маманы – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, ER-4 санаты, (коды 1-04). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылығын, қадағалаусыз жүруін алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс ұйымдастыру. Білім беру мекемелерінде кәмелетке жасы толмағандармен тәрбие жұмыстарын өткізуді бақылауды іске асыру. Кәмелетке жасы толмағандардың істері бойынша және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық  комиссияның отырыстарына қаралатын мәселелерді және азаматтардың өтініштеріне жауаптарды дайындау. Әлеуметтік саласындағы кеңес-мәжіліс органдарының отырыстарында хаттама жүргізу. Облыс және аудан әкімінің қаулыларының, нормативтік-құқықтық актілерінің, аудан әкімінің тапсырмаларының, облыстық құрылымдарының қызметтік хат-хабарларына қарарларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (педагогикалық, заңгерлік), ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (педагогикалық, заңгерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурстыз комиссия жұмысының анықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында байқаушылардың қатысуы жіберіледі.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕR-4 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-10-28 17:35:56

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz