Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

«Железин ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман, EG-3 санаты, (коды 05-04). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  Елді мекендердегі малдардың бағылатын орнын анықтау. Елді мекендердердің санитарлық тазалығын ұйымдастыру. Аумақтағы малдардан жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда мемлекеттік ветиринарлы-санитарлқ бас инспектордың ұсынуы бойынша карантин немесе шектеулі шаралар белгілеу туралы шешімдер қабылдау. Кешенді шаралар өткізілгеннен кейін ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторының ұсынысы бойынша шектеулі немесе карантинді алып тастау туралы шешім қабылдау және жұқпалы аурулар орнын жою. Аз қамтамасыз етілген азаматтармен атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізу, мүгедектермен жұмыс. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік төлем мәселері бойынша әдістемелік түсіндірмелік жұмыстарын өткізу. Ай сайынғы статистикалық есептілікті құрастыру. Аз қамтылған, мүгедек балалар, ҰОС қатысушылары, тыл еңбеккерлерімен әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстар өткізу. Бір дүркін көмек сұрағандар құқығы туралы мәселелерді шешу үшін олардың материалдық – тұрмыстық жағдайына тексеру өткізу. Жалғыз басты зейнеткерлерді анықтап мүгедектер үйіне, жүйке аурулары интернаттарына жіберуге ресімдеу. Аз қамтылған, мүгедек балалар, ҰОС қатысушылары, тыл еңбеккерлерін атауды даталарда, мерекелерде әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қайырымдылық қызметі бойынша ақпараттарды жинау және даярлау. Қоғамдық жұмыстарға жолдама алған жұмыссыздарды олардың келісімімен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру. Оралмандар есебін жүргізу. Өз құзыреттілігі бойынша есептілік ұсыну. Қолданыстағы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдем тағайындау» стандарттары мен регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, «Әтаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» «Ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік саладағы мамандарға отын алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау». Жол картасы 2020 – еңбекпен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу. Фермер және шаруашылық кітаптарын жүргізу. Үй жануарларын тұрғындарды санау есебін жүргізеді. Статистикалық есептілікті ұсыну. «Қолданыстағы азаматтарға қосалқы шаруашылығының барлығы немесе жоқтығы туралы анықтама беру» стандарты мен регламентіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметті дамыту бойынша фермер және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға ықпал етеді. Қайта өндіру саласын дамыту, ауылшаруашылық өнімдерін сату, ауылшаруашылық инфрақұрылымдарын қалыптастыру бойынша практикалық жұмыстарды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (экономикалық, заңгерліқ, педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық), ортадан кейінгі білім барларға рұқсат етіледі (экономикалық, заңгерлік, педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылық), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Компьютермен жұмыс істей білуі қажет. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурстыз комиссия жұмысының анықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында байқаушылардың қатысуы жіберіледі.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕG-3 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-11-25 17:40:49

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz