Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

1) «Железин ауданының Башмачин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маманы, EG-4 санаты, (коды 03-04). Лауазымдық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай – 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Округтың  тұрғын-үй қызметін, абаттандыруды, санитарлық тазалығын, айналма жолдарды, қоқыс тастайтын жерлерді сақтауды бақылау және ұйымдастыру. Мемлекеттік тапсырыс бойынша есптілікті құрастырып шарт жасасу және олардың орындалуын бақылау. Жұмыссыз азаматтармен жұмыс және қоғамдық жұмыстың барысын бақылау. Зират бастарын, қоқыс тасталатын және басқа жерленетін орындарды тиісті жағдайда ұстау, елді мекендердің тазалығы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Фермер және шаруа қожалықтарын тіркеу кітабын, тұрғындарды тіркеу кітабын жүргізеді. Кәсіпкерлік, егін шашу алаңдары құрылымы, ауылшаруашылығы мәселелері бойынша, сатистикалық есептерді ұсынып және жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету қолданыстағы стандарттармен регламентке сәйкес «Қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама беру». Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау бойынша, шаруа қожалығы бойынша 6-ж (фермер) және тұрғындардың құрамы бойынша 7-ж (тұрғындар) бойынша есетіліктерді өз уақытында тапсыру   Елді мекендердегі мал бағылатын жерлерді анықтау. Аумақтағы  малдарда   жұқпалы аурулар пайда болған жағдайда мемлекеттік вет.сан. инспектордың ұсынысы бойынша шектеу шаралары мен карантин белгілеу туралы шешім қабылдау. Тиісті аумақтағы жұқпалы аурумен ауырған малдар ошағын жою бойынша кешенді ветеринарлық шаралар өткізілгеннен кейін мемлекеттік вет.сан. инспектордың ұсынысы бойынша шектеу немесе карантин алып тастау туралы шешім қабылдау. Әкім тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім не ортадан кейінгі білім (ауылшаруашылық, экономикалық, педагогикалық, техникалық, заңгерлік, бухгалтерлік, ветеринарлық),  не орта техникалық немесе кәсіптік білім (ауылшаруашылық, экономикалық, педагогикалық, техникалық, заңгерлік, бухгалтерлік, ветеринарлық).

Компьютерде жұмыс істей алуы. Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурстыз комиссия жұмысының анықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында байқаушылардың қатысуы жіберіледі.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

ЕG-4 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

2015-12-14 09:27:22

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz