Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

E-R-4, E-G-3, Е-G-4  санаттары үшін: жоғарыбілімі, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-G-3

69956

94108

Е-G-4

62457

84114

 

 

 

 

 

** Ескерту: E-R-4 санатымемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде бас маманы лауазымдар төменгі болады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің ақпараттық насихат, қоғамдық–саяси жұмыс, саяси партиялармен байланыс және ҮЕҰ жұмысы бойынша бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 03-02).

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық түсіндіру жұмыс жүргізу. Мемлекеттік реформаларды, Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдігінің саясатын түсіндіру және насихаттау. Ауданның ақпараттық-насихаттық топтарының қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Ауданның селолық округтеріндегі ақпараттық-насихаттық топтарының қызметін үйлестіру. Жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізу үшін мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аудандық газет, радио арқылы жұмыстарды ұйымдастыру. Қоғамдық-саяси салада іс шараларды өткізу. Саяси партиялармен өзара қарым-қатынас. Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс. Әлеуметтік-саяси жарнамалардың жағдайы мен мазмұнына бақылауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 12-1-3).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік үйымдардың (мекемелердің) іс шараларды бағыттайды, бюджеттік жобаға есептерді құрайды, бағытталған салалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жасайды. Аданның кәсіпорын және мекемелермен кірістер бойынша аудан бюджетінің жобасына есептерді құрастырады, салықтарды түсетін динамикасын құрастырады,  салықтардың тұрлері бойынша берімсектермен жұмыс істейді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) «Железин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің дене шынықтыру және спорт жөніндегі бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 10-02).

Функционалдық міндеттері: Аудандық денешынықтыру және спорт жоспарларының дамуын өңдеу және жүзеге асыру. Аудандық жарыстарын ұйымдастыру. Облыстық жарыстарға қатысуға командаларды толымдау. Жоғары тұрған инстанцияларға ақпараттық және статистикалық есептерді, сондай-ақ заңнамамен көрсетілген басқада міндеттерді ұсыну.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында, гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; қызметтер саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4) «Железин ауданының Еңбекші селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің іс жүргізу жөніндегі бас маманы, E-G-3 санаты, (коды 05-02).

Функционалдық міндеттері: Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді жеке істерін қалыптастыру. Еңбек кітапшасы және әскериміндеттілердің жеке карточкаларын толтыру. Жеке құрам бойынша өкім жобаларын даярлау, негізгі қызмет бойынша, іссапарлар бойынша, селолық округі әкімі аппаратының негізгі қызметі бойынша шешімдер. Сайлаушылар саны қозғалысы бойынша тоқсандық тізімдерді тексеру және даярлау. Округтық және учаскелік комиссия құжаттарын даярлау. Үміткерлер бойынша жұмыс Аудан және облыс әкімдері шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау. Аудан әкімі мәжілісінде берілген тапсырмаларды бақылау. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау. АИС «EUOL», базасын өз уақытында толтыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, есептерді даярлау. Мұрағаттарды сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар құжаттарды іріктеп, Павлодар облысы Железин ауданы Мемлекеттік мұрағатына тапсыру. Тұрақты жүргізілетін жеке құрам бойынша шаруашылық кітаптарының тізімін құрастыру. Істер номенклатурасын бекітуге даярлау. Селолық округ әкімінің жұмыс жоспарын құрастыру және бекіту. Селолық округ әкімінің есепті кездесулерін ұйымдастыруын қамтамасз ету. Есепті кездесулерді айтылған ескертулер мониторингін жүзеге асыру. Кәсіби емес медиаторлардың реестрін жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық актілерді тіркеу, нотариалдық әрекеттерді жасау. Қоғамдық пункттерге кіру жұмыстарын қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5) «Железин ауданының Еңбекші селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маманы, E-G-3 санаты, (коды 05-04).

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді.    Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6) «Железин ауданының Озерный селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі жетекші маманы, E-G-4 санаты, (коды 11-04).

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


2016-04-08 15:39:19

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz