Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

E-R-4, E-G-3, Е-G-4  санаттары үшін: жоғарыбілімі, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-G-3

69956

94108

Е-G-4

62457

84114

** Ескерту: «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Железин ауданының білім бөлімі» ММ, «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ штат кестесінде E-R-4, E-G-3 санаты бойынша бас маман лауазымдары және «Железин ауданының Веселорощин селолық округі әкімінің аппараты» ММ штат кестесінде E-G-4 санаты бойынша жетекші маман лауазымы төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттің орындалуы бойынша бас маман, E-R-4 санаты, (коды 11-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан бюджетінің орындалуы бойынша ай сайынғы мемлекеттік есеп берушілікті құрастыру, ауданның кредиторлық және дебиторлық қарыздары. Төлем және міндеттеме бойынша аудан бюджетінің қаржыландыру жиынтық есебіне өзгертулер еңгізеді, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге анықтама құрады, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге бюджет әкімшілік бағдарламаларына өтінім қабылдайды, бюджет қаражаттарын игеруге мониторинг ықпал етеді, бюджеттің орындалуы және анықтау хаты туралы оның орындалуы бойынша жылдық есеп құрады, торап бойынша жылдық есеп құрады, бюджет орындалуы бойынша тоқсандық, жылдық есептердің ұсынылуын қамтамасыз етеді, бюджеттік мекемелер бойынша кредиторлық және дебиторлық, жоғарыда тұрған мекемелерге ақпаратты ұсынады. Аудан бюджетінің кіріс бойынша орындалуы ай сайынғы мемлекеттік есеп берушілікті құрастыру, аудан бюджетінің түсім жиынтық есебіне өзгертулер еңгізеді, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге анықтама құрады, бюджет кірісі бойынша  мониторинг ықпал етеді, бюджеттің орындалуы және анықтау хаты туралы оның орындалуы бойынша жылдық есеп құрады бюджеттік Кодекске сәйкес орындаушы және ұсынушы органдар өзге міндеттерін қамтамасыз етеді. Бөлінген қаражаттардың мақсаттық жұмсалуының сұрағы бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының білім бөлімі» ММ-нің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі бас маман, E-R-4 санаты, (коды 08-07).

Функционалдық міндеттері: Мектепке дейінгі жастағы  балалардың тізімін алуды ұйымдастырады. «Бала бақшада оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасының   орындалуына бақылау  жасайды. Мектепке дейнгі мекемелер жұмысына әдістемелік көмек көрсетеді, білім мекемелерінің  жаңа оқу жылына  дайындығын тексереді,  білім мекемелерінің санитарлық-гигеналық  нормаларды  сақтауын бақылайды.  Алдағы уақытта орындалатын  жұмыстың жоспарларын, мектепке  дейінгі  білім беретін  мекемелердің  бағдарламаларын  жасайды.  Денсаулық сақтау, санитарлық-эпедимиологиялық  бақылау бөлімдерімен  бірлесіп жұмыс жасайды.  өзінің құзырлығына  байланысты жоғары  өкілеттілік орындарға мәліметті дайындайды. Мектепке дейінгі білім мекемелерінен жазбаша  және ауызша сұраулар  бойынша  шығып жүзеге асырады. Мектепке дейінгі  балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке  дейінгі балаларды тіркеу. Жоғарғы мектепке дейінгі, бастауыш  білім беру  органдарына ақпаратты жүйелеп жеткізеді; мектепке дейінгі білім беру қызметкерлеріне, мектеп алды тәрбиешілеріне және бастауыш сынып мұғалімдеріне  әдістемелік және тәжірбиелік көмек көрсетеді; ТПБ жинақтау, тарату. Мектептерде және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тамақтандырудың ұйымдастырылуы, білім беру мекемелерінде санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуы; мектепке дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру үшін тіркеу. Бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім берудің оқыту жағдайы.  Әр түрлі іс-шаралар, сайыстар, көрмелер ұйымдастырады; білім беру мекемелерінің қызметінің құқықтық базасын  жасайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің іс жүргізу жөніндегі бас маманы, E-G-3 санаты, (коды 06-04).

Функционалдық міндеттері: Іс жүргізуді, шаруашылық және фермерлік кітаптарды іске асырады. Жалпы бақылауды, заңды тұлға және жеке азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша есептерді уақытында тапсыру. Жоғарғы билік орындарынан және өз шешімдерінің орындауын қадағалау. Әкімшілік жұмыстарын жоспарлайды. Үй шаруашылығы және тұрғындар санағын жүргізуге жәрдемдеседі. Ауылдық округ тұрғындары жайындағы мәліметтер базасын қалыптастырады. Ауылдық округта өткізілетін жиындарға қатысушылар мен сайлаушылар тізімін дайындап түзетулер енгізеді. Әлеуметтік-экономикалық даму туралы, тұрғындардың еңбекке жарамдылар туралы мәліметтер, және де жаңа жұмыс орындар туралы дер кезінде есеп беруді іске асырады. Азаматтарды қабылдайды және анықтама береді. Әкім, әкім орынбасарының тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы, E-G-3 санаты, (коды 06-05).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік МӘК және бала жәрдем ақшасын хаттау құжаттарын қабылдауды жүргізіеді. әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінде тұратын азаматтардың есебін жүргізеді. Жұмыссыздармен жұмыс жүргізеді. Туберкулез ауруымен ауратындар мен бостандығын айырған жерлерден келгендердің есебін жүргізу. Көп балалы аналарды марапаттауға құжаттар жинау. Маргиналдық топтарды құжаттандыру үшін құжаттар жинастыру. Зейнеткерлермен, жалғыз тұратындармен, мүгедектермен жұмыс жасап, есебін жүргізу. ҰОС ардагерлерін, тың ардагерлері, ауған сарбаздары, чернобыльшылармен жұмыс және есеп жүргізу. Азаматтардың өтініштері мен хаттарымеен жұмыс. Қарттар күніне тізімді дайындау. Әлеуметтік нашар тұратын отбасыларына көмек көрсету бойынша ұсыныс жобаларын дайындау. Аз қамтылған отбасыларын анықтайды, жұмыспен қамту бойынша ұсыныстар енгізіп отырады, жалғыз тұратындар мен қарттарды, жұмыс істей алмайтын азаматтардың үйіне барып, әлеуметтік қызмет көрсету. Әлеуметтік қызметкерлердің ісін бақылауды жүзеге асырады. Әкімнің және әкім орынбасырының тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; қызметтер саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5) «Железин ауданының Веселорощин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің іс жүргізу жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 04-05).

Функционалдық міндеттері: Облыс, аудан әкімдерінің шешімдердің, өкімдердің, тапсырмасын орындау барысында берілген мәліметтердің орындалуымен тапсырылуын бақылауды қамтиды. Ай сайын анықтамалар дайындайды және ауыл округі әкіміне жоғарыдан түскен құжаттамаларды бақылауды баяндау. Хат хабарлардың кіріс, шығысын тіркеу, азаматтардың өтініштерімен қабылдау журналын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету. Ауылшаруашылық кітабын жүргізу, азаматтардың өтініштерін тыңдау, орындау. Жиналыс, кеңес өткізу құжаттарын дауындау. Кадрлар жұмысын жүргізу. Мемлекеттік емес медиаторлардың тізімін жүргізеді. Көпбалалы аналарды марапттауға құжаттарды ресімдеу. Іссапарлар және өзіндік тізім негізгі қызметі  бойынша өкімдерді ресімдеу, тіркеу және есепке алу. Заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

            3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

            6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

            Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

            Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

            Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

            Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

            Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

            «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz