Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

E-1 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2)           мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3)           жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

4)           осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*      

E-G-3 санаты үшін:

1)           мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2)           мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3)           осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4)           жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5)           ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-1

150741

203208

E-G-3

69956

94108

 

 

 

 

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а ., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Железин ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және Железин ауданының селолық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1) «Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің аудан әкімінің орынбасары, E-1 санаты, (коды 01-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі болмаған кезде, оның өкілеттігін жүзеге асырады. Аудан экономикасын жедел басқару мәселелері, индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру. Ауданның басымды әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, қаржы және салық саясаты, қор және сақтандыру нарығын дамыту, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. Аудандағы шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау мәселелері. Жергілікті бюджет қаржыларының шығындарын және жиынын бақылау және сараптау мәселелері. Тендерлік саясатты жүзеге асыруды бақылау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері. Пошталық байланыс, коммуналдық меншікті пайдалану мәселелері. «Жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері. Тұрғын үй комиссиясының мәселелері. Мемлекеттік жеке серіктестік мәселелері. Ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, ауданның қаржы бөлімінің, ауданның жұмыспен қамту орталығының іс-қимылдарын үйлестіру. Железин ауданы бойынша салық басқармасымен, Железин аудандық Қазынашылық бөлімімен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ филиалымен, «Қазақстан Республикасы  Әділет  министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  Железинка филиалымен.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында).

2) «Железин ауданының Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маман, E-G-3 санаты, (коды 09-04).

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын бақылау. Бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп  жүргізу кітабын есепке алу және жүргізу, олардың сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді есептеу және аудару.  Түсетін ақшалай қаражаттарды есепке алу және оларды бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету. Материалдық есеп жүргізу. Салық төлемдерінің жиналуын бақылау. Азаматтық қызметкерлермен кадр жұмысын жүргізу, олармен келісімшарттар жасау.  Жедел ақпарат ұсыну, бухгалтерлік есептілікті жасау.  Әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және оларды тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке енгізу. Әкімнің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

3) «Железин ауданының Лесной селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маманы, E-G-3 санаты, (коды 08-03).

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді.    Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

4) «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп жөніндегі бас маман, E-G-3 санаты, (коды 01-03).

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының бюджеттік бағдарламаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекіту үшін енгізеді. Шығыс пен кіріс бойынша селолық округтің бюджетін орындаудың есебін жүргізеді. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, мемлекеттік сақтандыру бойынша жарналарды аударады. Кіріс қаражатының есебін және олардың уақытында игерілуін, олардың жылжуымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте көрінуін жүргізеді. Материалдық есепті, дебиторлық қарыздарды жазалауды жүргізеді.    Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын әкім аппаратының қаржылық бөліміне қатысты есептерді береді. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)         мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2)         мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3)         осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4)         жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5)         ғылыми дәрежесінің болуы.*

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1)         бекітілген нысандағы өтініш;

            2)         тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz