Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаты үшін: “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-G-3

69956

94108

Е-G-4

62457

84114

 

 

 

 

 

 

** Ескерту: «Железин ауданының ветеринария бөлімі» ММ, «Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Железин ауданының Алакөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ, «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ штат кестесінде E-R-4 және E-G-3 санаттары бойынша бас маман лауазымдары, Железин ауданының Озерный селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Железин ауданының Қазақстан селолық округі әкімінің аппараты» ММ тат кестесінде E-G-4 санаты бойынша жетекші  маман лауазымдары  төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 02-04).

Функционалдық міндеттері: Мүдделi тұлғаларға ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерде, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, жүргізілетін  ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Ветеринария  мәселелері бойынша халықтын арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатың өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру. Жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп  төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай заралсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өндеу. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотия жағдайын зерделеу. Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін тізбе бойынша  жануарлардын аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария  саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органына табыс. Жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы  және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралр жөнінде ұсыныстар енгізу. Алқаға, ауданның әкiмшiлiгiне тағы да басқа мәжiлiстерге материалдарды дайындау. Малшаруашылығы саласының даму және ветеринария мәселелері бойынша бөлiм басшысының бiр жолғы тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында).Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының ветериания бөлімі» ММ-нің бас маманы – мемлекеттік мал дәрігері, E-R-4 санаты, (коды 02-05).

Функционалдық міндеттері: Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағызаңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастару және жүзеге асыру. Эпизотиялық мониторингі жүргізу, егер эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеру. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәрттіпен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринарыялық- санитариялық бақылауды жіне қадағалауды ұйымдастыружәне жүзеге асыру. Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, кайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлерді беру. Эпизоотиялық тексеру актісін беру. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мыналарда:

-ішкі сауда объектілерінде;

-жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, кайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі  уйымдарда;

-ветеринариялық препораттарды өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

-экспорттау (импорт) мен транзиттеуді қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

-экспорттауды (импорттауды) және транзиттеуді қоспағанда, жануарлар ауруларын қоздырғыштарды тарату факторлары болуы мүмкін ыдыстарды, орама материалдарының барлық түрлері бойынша көлік құралдарының барлық түрлерінде;

-тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары өтетін мал пайдау трассаларында, маршруттарында, жануарлардың жайылым аумақтары мен суаттарында;

-аумақтарда, өндірістік үй-жайларда және экспорттауды (импорттауды) және транзиттеуді қоспағанда, орны ауыстырылатын(тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

-орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекттілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдейу мен өткізуге байланысты мал көмінділері (биотермиялық шұңқырларды), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондайақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Малшаруашылығы саласының даму және ветеринария мәселелері бойынша бөлiм басшысының бiр жолғы тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ветеринария саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) «Железин ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ-нің мемлекеттік сатып алулар, құрылыс және кадрлық жұмыстар бойынша бас маман, E-R-4 санаты, (коды 01-03), (уақытша, негізгі қызметкердің 2019 жылғы 01 сәуірге дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Объектілерді қайта жаңғыртуына, құрылыс облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Құрылыс сұрақтары бойынша ауданның кәсіпорындармен және мекемелермен қарым-қатынас жасау. Оларды өткізу және мемлекеттік сатып алу бойынша сайыс құжаттамаларды жасау. Келісімнің міндеттеріне сәйкес құрылыс облысында көрсетілген қызметтер және орындалған жұмыстардың қабылдауы. Біткен құрылысты тапсыру бойынша жұмыс ұйымдастырылуы, олардың ұйымдарына және кәсіпорындарына пайдалнытын балансына және объектілерді қайта жаңғыртуын алып-беру. Құрылыс нормаларды және ережелерді қадағалаудың бақылауы. Кадрлық жұмыстарды жүргізу және қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ветеринария саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4) «Железин ауданының Алакөл селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маман, E-G-3 санаты, (коды 02-04).

Функционалдық міндеттері: Селолық округті абаттандыру бойынша кешенді бағдарламалар құжаттарын ұсыну, оларды ұйымдастыруды бақылау.Селолық округты тазалау және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, айналма жолдарды және жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды үйлестіру.   Ауылшаруашылық малдарының бағылатын жерлерін ұйымдастыру. Өз өкілеттілігі құзыретінде елді мекендерде сумен қамтамасыз ету, судан пайдалану бойынша мәселерін реттейді. Орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асырады. Орындалған жұмыстар сапасының сәйкестігін бақылайды.Селолық округтың балансындағы обьектілерге құқықберуші құжаттарды ресімдейді. Тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастьырады. Қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады. Өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, құжаттарды даярлайды. Салық басқармасына ағымдағы жылға жер телімдеріне және жеке тұлғалардың мүлік туралы мәліметтерді бекітуге даярлайды. Салық басқармасына есептілікті өз уақытында ұсыну.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есепп бөлімінің бас маманы, E-G-3 санаты, (коды 06-10).

Функционалдық міндеттері: Железин селолық округінің қаржы-шаруашылық әрекеті мен бухгалтерлік есеп ұйымдастыруын жүзеге асырады. Қаржы оперцияларын жүргізеді.  Тауар жеткізушілермен келісім шарт жобасын дайындап және ол бойынша есеп жасайды.  Кіріс және шығыс қаражаты туралы жедел есеп және баланс құруды, бюджеттің қолдануы туралы, бухгалтерлік және статистикалық есеп жасайды. Салық комитеті, банк, қазынашылықпен жұмыс жасайды. Еңбек ақыны өткізу және салық пен басқа да төлемдерді өткізу. Мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік сатып алу көлемі бойынша есеп береді. Тауар материалды құндылықтарды жыл сайын қамтамасыз етуді өткізу. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау және оны мұрағатқа өткізу. Жылжымайтын мүлік орталығымен жұмыс жүргізу, пәтер жалға алушылармен келісім шарт жасасу, коммуналды үй жалға беру бойынша есептер жасау. Құзыреттілігіне кіретін басқа да тапсырмаларды орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6) «Железин ауданының Озерный селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 11-05).

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді бақылау және жұмыстарды ұйымдастырады. Санитарлық жағдай, көріктендіру, абаттандыру, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұымдастырады. Селолық округ селоларының жолдарын және айналма жолдарын жөндеу жұмыстары. Озерный селолық округінің балансындағы объектілердің құқық беруші құжаттарын ресімдейді. Апаттық жағдайлар, мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша жұмысты басқарады. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7) «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 01-04).

Функционалдық міндеттері: Елді мекендерді абаттандыру,жарықтандыру, көгалдан-

дыру және сумен қамтамасыз ету және жолдар мен орағыту жолдарын жөндеу бойынша округтің коммуналдық қызметінің сұрақтарын реттейді. Ақтау селолық округінің балансында тұрған объектілерге құқықтық куәландыру құжаттарын ресімдеу. ТҮКШ және ауылшаруашылық мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Елді мекендердің территориясын санитарлық тазарту, зираттарды және басқа жерлеу орындарын, қоқыс тастайтын жерлерін тиісті қалпында ұстау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Селолық округтың ауылшаруашылық құрылымдарымен ауылшаруашылығының мәселелеріне   қатысты өзара іс-әрекет етеді. Жоғары тұрған органдарға ауылшаруашылық және ТҮКШ мәселелеріне қатысты ай сайынғы және тоқсандық есептерді ұсынады. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8) «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік мәселелер және әскери есепке алу жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 01-05).

Функционалдық міндеттері: Әскери міндеттілердің әскери есебі, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне уақытында жазылу және жіберілу бойынша жұмысты ұйымдастырады.  Әлеуметтік мәселелер, жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек  және бала жәрдемақысын төлеу үшін құжаттарды қабылдау,  атаулы әлеуметтік көмек көрсету және бала жәрдемақысын төлеу комиссиясы бойынша жұмыс жүргізеді. Селолық округтің жастарымен мәдени іс-шаралар  мен жұмысты ұйымдастырады. Апаттық жағдайлар, мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша жұмысты басқарады. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

9) «Железин ауданының Қазақстан селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 07-05).

Функционалдық міндеттері: Елді мекендерді көріктендіру, жарықпен қамтамасыз ету, көгалдандыру, санитарлық тазарту, сумен қамтамасыз ету, молаларды, қоқыстар мен өзге де көму орындарының дұрыс жағдайын қамтамасыз ету  бойынша  жұмыстарды ұйымдастыру.  Елді мекен жерлерінде ауыл шаруашылық малдарын  жаю орындарын анықтау. Ауыл шаруашылық мәселелері, кәсіпкерлікті дамыту бойынша селолық округтегі ауылшаруашылық құрылымдарымен өзара байланыста жұмыс атқару. Салықтар мен өзге де төлемдерді  бюджетке жинауға қол ұшын беру.  Шаруашылық есептер жүргізу.  Азаматтық қорғаныс, жедел дайындық және жұмылдыру бойынша жұмыстарға басшылық ету. Берілген коммуналдық мүліктерді сақтап, ұқыптылығын қамтамасыз ету.  Жетекшілік ететін мәселелер бойынша есептер дайындау және бекітілген мерзімге дейін аяқтау. Заңмен бекітілген өзге де өкілеттерді атқару.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

            3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

            6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, E-G-3 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, E-G-3 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz