Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Е-G-4 санаты үшін: “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

Е-G-4

62457

84114

 

 

 

** Ескерту: «Железин ауданының Озерный селолық округі әкімінің аппараты» ММ, Железин ауданының Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ штат кестесінде E-G-4 санаты бойынша жетекші  маман лауазымдары  төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының Озерный селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің іс жүргізу жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 11-02), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Облыс, аудан  әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына және орындалуы бойынша ақпараттың ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады. Ай сайын анықтама дайындайды және селолық округ әкіміне жоғары тұрған органдардан түсетін құжаттарды бақылауды қамтамасыз ету жөнінде баяндайды. Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеуді, азаматтардың өтініштері мен қабылдау журналын жүргізеді, нотариалды іс-әрекеттерді  орындайды. Селолық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты шешімдердің, өкімдердің жобаларын дайындауды жүзеге асырады. Селолық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері бойынша кадрлық жұмысты жүргізеді. Іс жүргізуді жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есебін жүргізеді, шаруашылық есепті жүргізеді, тұрғындардың жиналысын, кеңестерін өткізу үшін материалдарды дайындайды. Жоғары тұрған органдарға айсайынғы, тоқсан сайынғы есептерді ұсынады. Нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асырады және азаматтық актілерді тіркеуде көмек көрсетеді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; нақты ғылымдар саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 09-05).

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін жүргізу (қоғамдық көлік қозғалысы, көріктендіру, жарықтандыру, абаттандыру, селолық округтің елді мекендерін санитарлық тазалау, қоқыс тастайтын жерлерді ұстау). Селолық округтің салық төлеушілерінің базасын жасау. Осы мәселе бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізу және салық комитетімен өзара әрекет ету. Салық төлемдері туралы ақпаратты тұрғындардың назарына дер кезінде  жеткізу. Мемлекеттік тапсырыс бойынша есептерді әзірлеу,  келісімшарттар жасау, мемлекеттік сатып алуларды өткізу, олардың орындалуын бақылау. Төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша жұмысқа басшылық ету. Жұмыссыз азаматтармен  қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және оның барысын бақылау. Жылжымайтын мүлік (тұрғын және кісі тұрмайтын үйлер, ғимараттар), сумен жабдықтау нысандарын тіркеу және есепке алу. Қоқыс тастайтын жерлерді, мал қорымдарын, бейіттерді, Мыңкөл с., Қызыл Тұз с. тұрғын үй қорын рәсімдеу. Іссапарлар бойынша өкімдерді ресімдеу, тіркеу және есепке алу, олар бойынша есептерді тапсыру. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Коммуналдық тұрғын үй қорын  және  селолық округтің тапсырылған коммуналдық мүлігін сақтауды қамтамасыз ету. Туысы жоқтарды жерлеуді және  бейіттер мен басқа жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу. Басқаруға  тапсырылған  коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен жүргізілетін және іске асырылатын  жұмыстар мен қызметтерге бағаларды белгілейді. Есептерді уақытында тапсыру. Тұрғын үй-коммуналдық және коммуналдық бағдарламалар бойынша есептеулер сметасын жасау. Округ әкімінің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім (құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында) не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

            3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

            6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

            Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

            Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

            Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

            Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-G-4 санаты үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

            Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

            «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-G-4 санаты үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2016-08-29 09:41:25

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz