Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

E-R-3 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5 , E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан

Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.*

E-G-2 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамынан төмен емес лауазымдарда өтілі екі жылдан кем емес;      

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-3

96607

129920

E-G-2

92443

124923

 

 

 

 

 

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а ., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің мал шаруашылығы секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты, (коды 09-04).

Функционалдық міндеттері: Мал шаруашылығы секторын жалпы басшылық жасау. талдаударды дайындап жүзеге асыру, малшаруашылық және құстардың санын, малшаруашылық өндiрушiлердiң  өнiмiн есептеп, ақпарат дайындау. Мал шаруашылығы жөнінде мониторинг жүргізу. Мал шаруашылығы бойынша несиелерді мақсатты пайдалануды бақылау. Өндiрiс және малшаруашылық өнiмдерiн тапсыру бағдарламасына  ауданның ауыл шаруашылық  өнiмдерiн өндірушiлерге практикалық және ақыл-кеңес көмек көрсету. Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн кең жарнамалық және бұқаралық ақпарат қуралдарында ұйымдастыру жұмысын өткiзу. Шығарылатын өнімдердің көлемін және  баға саясатын, сұрыптамасын анықтау бөлімінде ауыл - шаруашылық жәрменкелерге қатысу, селолық округтерге  барып ауыл  шаруашылық малдардың және қүстардың бас санын  есептеп тексеру, ірбiр шаруашылық бойынша  есеп жүргiзу. Айсайынғы 24 нысаны  бойынша есеп  құрастыру. АШМ бекітілген ережелеріне сәйкес АШТӨ субсидия беру бойынша құжаттарды дайындаға қатысу. Аудан әкімдігі, алқаларға және басқа кеңестерге материалдар дайындау және қатысу. Жасанды тұқымдандыру пунктерін ұйымдастыру және бақылау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру және дайындау жөнінде есептілікті ұсыну. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кәсіпорындарын, дайындау пнуктерін құру жөнінде жұмыстарды және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау бойынша талдау дайындау өткізу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мына мамандық бойынша: «мемлекеттік және жергілікті басқару»; құқық саласында мына мамандық бойынша: «юриспруденция»).

2) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есеп бөлімінің басшысы, E-G-2 санаты, (коды 06-03).

Функционалдық міндеттері: Железин селолық округінің қаржы-шаруашылық әрекеті мен бухгалтерлік есеп ұйымдастыруын жүзеге асырады, қаржылық, еңбек және материалдық қорды ұқыпты қолдануды бақылайды, мемлекеттік мекемелердің меншігіне жауапкершілікпен қарауды бақылайды. Қаржылық операцияларды өткізуді, бекітілген бағдарламаларға қаржыландыру бақылау жүргізеді. Қызмет пен тауарларды ұсынатын ұйымдармен келісімді бекіту және олардың есебін құру. Шығын мен кіріс табыстарды есептеп, олардың балансын құруды, бюджетті қолдану туралы, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есепті құру. Қазынашылықпен, банкпен, салық комитетімен жұмыс жүргізу. Еңбек төлем ақысын және басқа да міндетті төлемді бюджетке есептеу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу және мемлекеттік сатып алудың көлемі бойынша есеп тапсыру. Тауар-материалдық құндылықтардың жылдық инвентаризациясын өткізу. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуы мен олардың мұрағатқа тапсырылуы. Әкімнің және әкім орынбасырының тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында).

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардығы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)         бекітілген нысандағы өтініш;

2)         тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2016-11-29 11:04:03

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz