Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

E-R-4, Е-G-4*** санаттары үшін: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 157 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығын ескере отырып)***

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288

99106

Е-G-4

62457

84114

*** Ескерту: «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ штат кестесінде E-R-4, Е-G-4 санаттары бойынша бас маман және жетекші маман лауазымдары төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттің орындалуы бойынша бас маман, E-R-4 санаты, (коды 11-02), (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншігіне қатысты меншік иесінің құқығын іске асыру, жеке негіздемелер бойынша ауданның коммуналдық меншігіне түскен мүлікпен жүмыс жасау. Өз шегінде құзырет коммуналдық мүлік басқару саласында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында жергілікті атқарушы органдардың, олардың құзыретіне енетін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіру. Өзінің құзыреті шегінде ауданның коммуналдық мүлігін басқару міндетін орындау. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, актілер жобасын әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөнінде іс-шаралар өткізеді. қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдай мен тәртіпте аудандық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне табыстау туралы шешімдерге жоба әзірлеу. Аудандық коммуналдық меншікті пайдалану, соның ішінде оны кепілдікке, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдерге жобалар әзірлеу. Аудандық коммуналдық мүлікке есеп жүргізуді ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік ақылы (жалға), ссуда шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға, концессияға табыстау, жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейін сатып алу құқысыз, кейін сатып алу құқымен немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейін табыстау құқымен табыстау шарттары бойынша өтеусіз пайдалануға беру үшін шешімдердің жобаларын әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындау. Бөлім жұмысы бойынша бұйрықтар мен қаулыларды әзірлеу,  1-ОЛ үлгідегі статистикалық есепті тапсыру, заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін жүргізу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында мына мамандық бойынша: «юриспруденция»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (құқық саласында мына мамандық бойынша: «юриспруденция»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің мал шаруашылығы бойынша бас маман, E-R-4 санаты, (коды 09-07).

Функционалдық міндеттері: Талдаударды дайындап жүзеге асыру, малшаруашылық және құстардың санын, малшаруашылық өндiрушiлердiң  өнiмiн есептеп, ақпарат дайындау. Мал шаруашылығы бойынша несиелерді мақсатты пайдалануды бақылау. Өндiрiс және малшаруашылық өнiмдерiн тапсыру бағдарламасына  ауданның ауыл шаруашылық  өнiмдерiн өндірушiлерге практикалық және ақыл-кеңес көмек көрсету. Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн кең жарнамалық және бұқаралық ақпарат қуралдарында ұйымдастыру жұмысын өткiзу. Шығарылатын өнімдердің көлемін және  баға саясатын, сұрыптамасын анықтау бөлімінде ауыл - шаруашылық жәрменкелерге қатысу, селолық округтерге  барып ауыл  шаруашылық малдардың және қүстардың бас санын  есептеп тексеру, ірбiр шаруашылық бойынша  есеп жүргiзу. Айсайынғы 24 нысаны  бойынша есеп  құрастыру. АШМ бекітілген ережелеріне сәйкес АШТӨ субсидия беру бойынша құжаттарды дайындаға қатысу. Жасанды тұқымдандыру пунктерін ұйымдастыру және бақылау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру және дайындау жөнінде есептілікті ұсыну. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кәсіпорындарын, дайындау пнуктерін құру жөнінде жұмыстарды және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау бойынша талдау дайындау өткізу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мына мамандық бойынша: «мемлекеттік және жергілікті басқару»; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (ауыл шаруашылық ғылымдары саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) «Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 12-1-2).

Функционалдық міндеттері: Білім беру, мәдениет, әлеуметтік жәрдем және әлеуметтік қамтамасыз ету  іс-шараларын бағыттайды.  Мекемелердің шығындары бойынша аудандық бюджеттің жобасына есеп айырысуды құрастырады. Бағытталған салалар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізеді.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; құқық саласында мына мамандық бойынша: «юриспруденция»), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; құқық саласында мына мамандық бойынша: «юриспруденция»). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4) «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы, E-G-4 санаты, (коды 01-02).

Функционалдық міндеттері: Облыс, аудан, селолық округ әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырыстарын орындау бойынша ақпаратты беру және жүзеге асыруды, сонымен қатар жоғарғы органдардан келген құжаттарды  бақылауды жүзеге асырады. Селолық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты селолық округ әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобасын дайындауды жүзеге асырады. Селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері бойынша кадрлық жұмысты,  мемлекеттік қызметкерлердің аттестациялық материалдарын, селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтің бос орындарына алу бойынша сайысты өткізу үшін материалдарды дайындауды, мемлекеттік қызметкерлерге әрекеттегі заңмен  тағайындалған шектеулерді орындау бойынша бақылауды жүргізеді. Іс жүргізуді, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін, шаруашылық бойынша есепті, жиналыстарды, кеңестерді және тұрғындардың жиылыстарын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын есеп береді. Нотариаттық әрекет жасайды және азаматтық хал актілерін тіркеуге қолғабыс етеді. Әскери міндеттілердің әскери есебі, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне уақытында жазылу және жіберілу бойынша жұмысты ұйымдастырады.  Әлеуметтік мәселелер, жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек  және бала жәрдемақысын төлеу үшін құжаттарды қабылдау,  атаулы әлеуметтік көмек көрсету және бала жәрдемақысын төлеу комиссиясы бойынша жұмыс жүргізеді. Селолық округтің жастарымен мәдени іс-шаралар  мен жұмысты ұйымдастырады. Апаттық жағдайлар, мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша жұмысты басқарады. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында) немесе техникалық және кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

            3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

            6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

            Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

            Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

            Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

            Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

            Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

            Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4 , Е-G-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

            Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

            «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, Е-G-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2016-12-06 10:54:43

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz