Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

E-R-4, E-G-3, E-G-4*** санаты үшін: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

E-R-4

73288

99106

E-G-3

69956

94108

Е-G-4

62457

84114

 

 

 

 

 

 

*** Ескерту: «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ, «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, «Железин ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ, «Железин ауданының Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ, «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ, штат кестесінде E-R-4, E-G-3 және E-G-4  санаты бойынша бас маман және жетекші маман лауазымдары төменгі болып табылады.

 

«Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 140400 Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка а., Әуезов көш. 19, 209 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71831)7-90-51, факс: 8(71831)2-11-44, электрондық адрес: kense.azhr@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1) «Железин ауданының қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттің орындалуы бойынша бас маман, E-R-4 санаты, (коды 11-04).

Функционалдық міндеттері: Аудан бюджетінің орындалуы бойынша ай сайынғы мемлекеттік есеп берушілікті құрастыру, ауданның кредиторлық және дебиторлық қарыздары. Төлем және міндеттеме бойынша аудан бюджетінің қаржыландыру жиынтық есебіне өзгертулер еңгізеді, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге анықтама құрады, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге бюджет әкімшілік бағдарламаларына өтінім қабылдайды,      бюджет қаражаттарын игеруге мониторинг ықпал етеді, бюджеттің орындалуы және анықтау хаты туралы оның орындалуы бойынша жылдық есеп құрады, торап бойынша жылдық есеп құрады, бюджет орындалуы бойынша тоқсандық, жылдық есептердің ұсынылуын қамтамасыз етеді, бюджеттік мекемелер бойынша кредиторлық және дебиторлық, жоғарыда тұрған мекемелерге ақпаратты ұсынады. Аудан бюджетінің кіріс бойынша орындалуы ай сайынғы мемлекеттік есеп берушілікті құрастыру, аудан бюджетінің түсім жиынтық есебіне өзгертулер еңгізеді, өзгертулер және қосымшалар еңгізуге анықтама құрады, бюджет кірісі бойынша  мониторинг ықпал етеді, бюджеттің орындалуы және анықтау хаты туралы оның орындалуы бойынша жылдық есеп құрады бюджеттік Кодекске сәйкес орындаушы және ұсынушы органдар өзге міндеттерін қамтамасыз етеді. Бөлінген қаражаттардың мақсаттық жұмсалуының сұрағы бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) «Железин ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 06-03).

Функционалдық міндеттері: Тұрғындарды қабылдауды жүзеге асырады. Хаттар және өтініштермен жұмыс жүргізеді. Уақытша өтеулі және уақытша өтеусіз жер пайдалану, жер учаскелерін сату-сатып алу, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі келісімшарттар дайындығын жүзеге асырады. Жер учаскелерібарекендігі (не жоқ екендігі) туралыанықтамаларды дайындауды жүзеге асыру. Жер учаскелерін пайдалану мүмкендігі жөнінде жер комиссиясына ұсыныстар мен метериалдар дайындайды. Барлық жеке меншік жер пайдаланушылардың жеке істерін қалыптастыру бойынша жүмыстар жүргізеді, соңдай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Жер пайдаланушылар және жеке меншік жер учаскелерінің есебі жүргізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Заңнамамен белгіленген тәртіпке бекетілген жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жер қатынастры аясындамемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында мына мамандық бойынша; «юриспруденция»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; техника ғылымдары және технология саласында; қызметтер саласында мына мамандықтар бойынша: «жер орналастыру», «кадастр»), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (құқық саласында мына мамандық бойынша; «юриспруденция»; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; техника ғылымдары және технология саласында; қызметтер саласында мына мамандықтар бойынша: «жер орналастыру», «кадастр»). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) «Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нің мал шаоруашылығы жөніндегі бас маман, E-R-4 санаты, (коды 09-07).

Функционалдық міндеттері: Талдаударды дайындап жүзеге асыру, малшаруашылық және құстардың санын, малшаруашылық өндiрушiлердiң  өнiмiн есептеп, ақпарат дайындау. Мал шаруашылығы бойынша несиелерді мақсатты пайдалануды бақылау. Өндiрiс және малшаруашылық өнiмдерiн тапсыру бағдарламасына  ауданның ауыл шаруашылық  өнiмдерiн өндірушiлерге практикалық және ақыл-кеңес көмек көрсету. Жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн кең жарнамалық және бұқаралық ақпарат қуралдарында ұйымдастыру жұмысын өткiзу. Шығарылатын өнімдердің көлемін және  баға саясатын, сұрыптамасын анықтау бөлімінде ауыл - шаруашылық жәрменкелерге қатысу, селолық округтерге  барып ауыл  шаруашылық малдардың және қүстардың бас санын  есептеп тексеру, ірбiр шаруашылық бойынша  есеп жүргiзу. Айсайынғы 24 нысаны  бойынша есеп  құрастыру. АШМ бекітілген ережелеріне сәйкес АШТӨ субсидия беру бойынша құжаттарды дайындаға қатысу. Жасанды тұқымдандыру пунктерін ұйымдастыру және бақылау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру және дайындау жөнінде есептілікті ұсыну. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кәсіпорындарын, дайындау пнуктерін құру жөнінде жұмыстарды және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау бойынша талдау дайындау өткізу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында мына мамандық бойынша: «мемлекеттік және жергілікті басқару»; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4) «Железин ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ-нің бас маманы, E-R-4 санаты, (коды 01-04).

Функционалдық міндеттері: Объектілерді қайта жаңғыртуына, құрылыс облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Құрылыс сұрақтары бойынша ауданның кәсіпорындармен және мекемелермен қарым-қатынас жасау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселесі бойынша аудан әкімінің шешімін, аудан әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу және келісім беру. Тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардың мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаларын әзірлеу. Келісімнің міндеттеріне сәйкес құрылыс облысында көрсетілген қызметтер және орындалған жұмыстардың қабылдау. Біткен құрылысты тапсыру бойынша жұмыс ұйымдастыру, оларды пайдаланатын ұйымдардың және кәсіпорындардың балансына және объектілерді қайта жаңғыртуын алып-беру. Құрылыс нормаларды және ережелерді қадағалауың бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерімен жұмыс жүргізу. Кадрлық жұмыстарды жүргізу және қамтамасыз ету.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5) «Железин ауданының Железин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ауыл шаруашылық мәселелер жөніндегі бас маман, E-G-3 санаты, (коды 06-07).

Функционалдық міндеттері: Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау. Елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Селолық округінің территориясында кезбе малдардың қамауын ұйымдастыру. Өкілетті органдарымен бірлесе ауылшаруашылық өсімдіктердің зиянкестермен және аурулармен күресу бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асырады. Жұмыс бойынша анықтамалар мен есептерді дайындайды. Селолық округі бойынша сараптамалық есептерді жинап, талдап аудандық статистика бөліміне белгіленген мерзімдерде жібереді. Селолық округіндегі егістіктердің жылжуы, егін жинау, шөп шабысы бойынша мәліметтерді жинайды. Компетенциясына байланысты басқа тапсырмаларды орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (құқық саласында; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында). Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6) «Железин ауданының Михайлов селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маман, E-G-4 санаты, (коды 09-05).

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін жүргізу (қоғамдық көлік қозғалысы, көріктендіру, жарықтандыру, абаттандыру, селолық округтің елді мекендерін санитарлық тазалау, қоқыс тастайтын жерлерді ұстау). Селолық округтің салық төлеушілерінің базасын жасау. Осы мәселе бойынша тұрғындармен жұмыс жүргізу және салық комитетімен өзара әрекет ету. Салық төлемдері туралы ақпаратты тұрғындардың назарына дер кезінде  жеткізу. Мемлекеттік тапсырыс бойынша есептерді әзірлеу,  келісімшарттар жасау, мемлекеттік сатып алуларды өткізу, олардың орындалуын бақылау. Төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша жұмысқа басшылық ету. Жұмыссыз азаматтармен  қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және оның барысын бақылау. Жылжымайтын мүлік (тұрғын және кісі тұрмайтын үйлер, ғимараттар), сумен жабдықтау нысандарын тіркеу және есепке алу. Қоқыс тастайтын жерлерді, мал қорымдарын, бейіттерді, Мыңкөл с., Қызыл Тұз с. тұрғын үй қорын рәсімдеу. Іссапарлар бойынша өкімдерді ресімдеу, тіркеу және есепке алу, олар бойынша есептерді тапсыру. Елді мекендердің аумағын санитарлық тазалауды ұйымдастыру. Коммуналдық тұрғын үй қорын  және  селолық округтің тапсырылған коммуналдық мүлігін сақтауды қамтамасыз ету. Туысы жоқтарды жерлеуді және  бейіттер мен басқа жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу. Басқаруға  тапсырылған  коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен жүргізілетін және іске асырылатын  жұмыстар мен қызметтерге бағаларды белгілейді. Есептерді уақытында тапсыру. Тұрғын үй-коммуналдық және коммуналдық бағдарламалар бойынша есептеулер сметасын жасау. Округ әкімінің тапсырмаларын орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім (құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауылшаруашылық ғылымдары саласында; ветеринария саласында) немесе техникалық және кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7) «Железин ауданының Ақтау селолық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы, E-G-4 санаты, (коды 01-02).

Функционалдық міндеттері: Облыс, аудан, селолық округ әкімінің шешімдерін, өкімдерін, тапсырыстарын орындау бойынша ақпаратты беру және жүзеге асыруды, сонымен қатар жоғарғы органдардан келген құжаттарды  бақылауды жүзеге асырады. Селолық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты селолық округ әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобасын дайындауды жүзеге асырады. Селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері бойынша кадрлық жұмысты,  мемлекеттік қызметкерлердің аттестациялық материалдарын, селолық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтің бос орындарына алу бойынша сайысты өткізу үшін материалдарды дайындауды, мемлекеттік қызметкерлерге әрекеттегі заңмен  тағайындалған шектеулерді орындау бойынша бақылауды жүргізеді. Іс жүргізуді, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебін, шаруашылық бойынша есепті, жиналыстарды, кеңестерді және тұрғындардың жиылыстарын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүргізеді. Жоғары тұрған органдарға ай сайын, тоқсан сайын есеп береді. Нотариаттық әрекет жасайды және азаматтық хал актілерін тіркеуге қолғабыс етеді. Әскери міндеттілердің әскери есебі, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне уақытында жазылу және жіберілу бойынша жұмысты ұйымдастырады.  Әлеуметтік мәселелер, жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек  және бала жәрдемақысын төлеу үшін құжаттарды қабылдау,  атаулы әлеуметтік көмек көрсету және бала жәрдемақысын төлеу комиссиясы бойынша жұмыс жүргізеді. Селолық округтің жастарымен мәдени іс-шаралар  мен жұмысты ұйымдастырады. Апаттық жағдайлар, мобилизациялық дайындық және мобилизациялау бойынша жұмысты басқарады. Әкімнің тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында; техникалық ғылымдар және технология саласында; ауыл шаруашылық ғылымдары саласында; қызметтер саласында) немесе техникалық және кәсіптік білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

            Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1)         осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)         3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

            3)         бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            4)         еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            5)         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

            6)         Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7)         құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8)         конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқару бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, E-G-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, E-G-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

2017-03-01 17:05:01

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz