Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18.09. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулыға сәйкес, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдары, яғни Железин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде ұсынылады.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметінің стандарты ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27.03. № 275 бұйрығымен бекітілді.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» регламенті Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7.10. № 307/7 қаулысымен бекітілді.

Мемлекеттік қызметті көрсету туралы мәліметтер «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, сонымен қатар Железин ауданы әкімі аппараты ғимаратының 1-қабаты фойесіндегі стендте орналастырылған.

Жыл сайын «Железин ауданы әкімінің аппараты» ММ сайтында мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп жарияланып тұрады.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» № 183 қаулысына сәйкес, Железин ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға 2017 жылы төлем жасауға әлеуметтік қолдау мөлшері айқындалды көтерме жәрдемақысы 70 АЕК мөлшерінде немесе 158830 теңге, 1500 АЕК аспайтын мөлшерде немесе 3403500 теңге несие ұсыну.

2017 жылы 9 маманның тұрғын үй сатып алуына бюджеттік несиелерді ұсыну үшін республикалық бюджеттен 30631,0 мың теңге сомасында трансферттер бөлінді, соның ішінде: білім беру – 5 маман, денсаулық сақтау – 2 маман, мәдениет – 2 маман.

А.ж. 1 шілдесіне 6 маманға жалпы сомасы 174000,0 мың теңгеге бюджеттік несие ұсынылды, соның ішінде білім беру саласының 5 маманына 14000,0 мың теңге, денсаулық сақтау саласының 1 маманына 3400,0 мың теңге.

Бюджеттік несиелер қаржыландыру жоспарына сәйкес ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну мерзіміне бақылау тұрақты жүргізіледі, есептік кезеңде мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімінің бұзылуы болған жоқ.

Апта сайын және ай сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде ақпарат ұсынылады.

2017 жылы 30 маманға көтерме жәрдемақыны төлеуге 4764,0 мың теңге қарастырылды, соның ішінде: 26-білім беру, 2-денсаулық сақтау, 1-мәдениет, 1-агроөнеркәсіп кешені.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес көтерме жәрдемақысы қыркүйекте – 10 маманға, қазанда – 10 маманға, қарашада – 12 маманға.

Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына және мамандармен жасалған келісімдерге сәйкес, мамандар тиісті салада 3 жылдан кем емес жұмыс істеуге міндеттерді өздеріне қабылдайды. Жасалған келісімдердің шарттарын орындамаған жағдайда, әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алған бюджеттік қаражаттарды толық көлемде қайтарып береді. Әлеуметтік қолау шарасын алушылар тоқсан сайын бөлімге жұмысынан анықтама және жылына бір рет ХҚКО мекенжай анықтамасын ұсынады.

 

Аудан экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                                              М. Оспанова

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz