Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Реестріне сәйкес, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі «Селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенді мамандарына әлеуметтік қолдау іс – шараларын ұсыну» бір мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасының  ұлттық экономика  Министрі міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275  бұйрығымен бекітілді.

Мемлекеттік қызмет регламенті Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 113/4  қаулысымен бекітілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтиже ұсыну формасы – қағазда.

Мемлекеттік қызмет селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенді мамандарына тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көтерме жәрдем ақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау іс – шаралары болып табылады (Келісім).

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Железин ауданы әкімдігінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде, Железин ауданы әкімдігі холында жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процессі Железин ауданы әкімдігінің сайтында  жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенді мамандарына әлеуметтік қолдау іс – шараларын ұсыну Ережелеріне сәйкес әлеуметтік қолдау іс – шараларының мөлшерлері анықталды:

Көтерме жәрдем ақы – 70 АЕК-ке тең немесе 168 350 теңге;

Баспана сатып алу үшін бюджеттік кредит – 1500 АЕК –тен аспайтын немесе 3 607 500 теңге.

2018 жылда 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді, яғни мемлекеттік қызмет алған адамдардың саны – 47 адам.

13 мамандар (яғни білім беру – 11, денсаулық сақтау – 1, ветеринария-1) баспана сатып алу үшін бюджеттік кредит алды. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 39682,0 мың теңге бөлінді.

34 маман (яғни білім беру – 28, денсаулық сақтау – 4,  ветеринария – 2) 5724,0  мың теңгеге көтерме ақы жәрдем алды.

Мемлекеттік қызмет бекітілген мерзімдердің бұзушылықсыз көрсетілді.  

Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағым түскен жоқ.

Тоқсан сайын, Железин ауданы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп ұсынылады.

Жеке тұлғалардан және коммерциялық емес мекемелерден  мемлекеттік қызмет көрсету қоғамдық мониторингті өткізу үшін  материалдар сұратылмаған жоқ.   

                                 

Железин ауданының

экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                                               М. Оспанова

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz