Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Сауда-саттықты ( конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметін алу үшін келесі құжаттар қажет:

1-кезең: нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжат;

2-кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Мемлекеттік қызмет қөрсетудің мерзімдері:

1)көрсетілетің қызметті берушіге құжаттар  топтамасын тапсырған күннен бастап:

1-кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, жер комиссиясының қорытындысын беру 23 (жиырма үш) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету, бүл ретте көрсетілетін кызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;

2-кезең: жерге орналастыру жобасы бекітілген күннен бастап жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару 7 (жеті) жұмыс күні;

2) Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер учаскесіне құқық беру туралы қөрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе дөлелді бас тарту.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою қызметін алу үшін келесі құжаттар қажет:

1)    осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1– қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)    баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);

3)    қызметті алушының(ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің) тұлғасын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін)

әскери қызметкерінің немесе арнайы мемлекеттік органның қызметкерінің жұмыс орнынан уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болғанда) расталған анықтамасы (берілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн жарамды);

4)     ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-медициналық консультацияның қорытындысы (бар болғанда).

5)    Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекті орынды алу үшін құқықты растайтын құжаттар (бар болғанда)

Бірінші кезекті орынды қызметін алуға құқылы: 

      1)   балалардың заңды өкілі мүгедек;

      2) ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балалар;

      3) көп балалы отбасының балалары;

      4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар пакетін тапсырған сәтінен бастап–  30 (отыз) минут;

2) максималды күту уақыты–  15 (он бес) минут;

3) максималды қызмет көрсету уақыты– 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі– кезекке қою туралы хабарлама, орын бар болғанда – мектепке дейінгі ұйымына бағыттама ұсыну болып табылады.

«Шалғай елді мекенде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және кері үйге тегін тасымалдауды ұсыну» қызметін алу үшін мынадай құжаттар қажет:

Оқушының ата-анасының немесе қамқоршысының өтініші және  немесе білім  беру мекемесінің хаты, жеке басын куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Тұтынушының өтініш берген күні сол жерде  көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсатберілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі– білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің  жалпы білім беру уйымдарына және  үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің барлық түрлері тегін және алдын-ала жазылусыз, қысқартылған қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері әкімдік ғимараттағы ақпараттық стендте орналастырылған.

     Мемлекеттік қызметтерді көрсету кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00 ден 14.30-ға дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуші жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес.
Бұл қызметтерді Сіз Павлодар облысы, Железин ауданы, Башмачин а., Целинная көшесі, 15 құрылыс мекен-жайы бойынша ала аласыз. 
Тел. 8 ( 71831)72-6-55,  8 ( 71831)72-5-41.
 
Башмачин  селолық округ әкімінің аппараты

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz