Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

 1.     Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет тізіміне сәйкес, Железин ауданы жергілікті атқару органдары мемлекеттік қызметтің 73 түрін  көрсетеді.

2016 жылдың 12 айында ауданның жергілікті атқару органдары жеке және заңды тұлғаларға 26285 қызмет көрсетті. Соның ішінде ХҚКО арқылы – 1515 мемлекеттік қызмет, қағаз формасында – 21596 қызмет, электрондық формада – 3174 мемлекеттік қызмет.

Көбірек сұралатын мемлекеттік қызмет түрлері:

1)    Жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру;

2)    Ветеринарлық төлқұжатты берумен ауыл шаруашылығы жануарларын бірлейлендіру;

3)    Ветеринарлық анықтама беру.

 2.     Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа халықтың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде стандарттар мен регламенттер, сондай-ақ Железин ауданының ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» тарауында стандарттар, регламенттер, төлқұжаттар және мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалары орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу тұрақты негізде жүргізіледі, тоқсан сайын облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мен ішкі аудитті дамыту бөліміне және Мемлекеттік қызмет департаментіне ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасына ішкі бақылау бойынша Железин ауданы жергілікті атқару органдарының жұмысы туралы есеп жолданады.

Қызмет көрсетушілердің ғимараттарында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімі туралы барлық қажетті ақпарат орнатылған. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірінші кезекті қызмет көрсету қамтамасыз етілген.

 3.     Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша әрекет

Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында 23 қызмет түрі көрсетіледі, «ХҚКО» ААЖ интеграцияланған жүйесі арқылы 10 қызмет түрі көрсетіледі.

 4.     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

2016 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz