Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
1. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметін лицензиялауды және лицензиялық бақылауды жүзеге асыру.
3. «Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу» қызметінің түріне лицензия беру.
4. Облыс аумағында (республикалық маңызы бар қалалар, астана) таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру.
5. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға тіркеу жүргізу.
6. Облыс деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары күтімі және жөндеу, қайта жаңарту, құрылысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
8. Жолаушылар мен жүкті тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысішілік) автомобильді тасымалдау бағыттарының тізілімін жүргізу.
9. Тұрақты қалааралық, облысішілік, ауданаралық жолаушылар мен жүкті (қалааралық, облысішілік) автомобиль көлігімен тасымалдауды және ауданаралық (қалааралық) жолаушылар темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, олардың қызмет көрсету құқығына конурстар өткізу.
10. Коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағаттық қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру.
11. Ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру бойынша деректер қорын жүргізуді ұйымдастыру.
12. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыруды және жүргізуді ұйымдастыру.
13. Аудандарндың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарын үйлестіру.
14. Балалар мен жас өспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
15. Облыс кітапханаларының, мұражайларының, театр, музыкалық ұйымдарының, кинотеатр мекемелерінің, балалар және жастар, өздігінен қалыптасқан ұжымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
16. Облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту.
17. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау бойынша жұмыстар жүргізу.
18. Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды қамтамасыз ету және тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
19. Тиісті аумақтардың экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларындағы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау және ғылыми-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде іс-шараларды жоспарлау.
20. Мемлекет меншігіндегі, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалануға беру туралы мәселені шешу.
21. Коммуналдық меншіктегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру.
22. Облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастыру, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
23. Театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
24. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
25. Жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
26. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ветеринарлық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру.
27. жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша алдын алу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ветеринарлық іс-шаралардың орындаулын қамтамасыз ету.
28. Қиын жағдайға тап болған кәселетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен еңбек және тұрмыстық құрылыс, басқа да көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау.
29. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне деген сұраныспен ұсынысты талдау және болжау, халықты және Қазақстан Республикасы Үкіметін жұмыс нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
30. Арнайы қоймаларды (көму орындарын) күтіп ұстау және қолдауды ұйымдастыру.
31. Салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау және қалыптастандыру, гигиеналық оқытуды ұйымдастыру.
32. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне бақылау және мониторинг ұйымдастыру және жүргізу.
33. Балаларды арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету.
34. Дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету.
35. Коммуналдық меншіктегі ведомстволық құжаттардың сақталуына, іс жүргізудің жай-күйіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету және бақылау.
36. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру және оның орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру.
37. Статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүзеге асыру.
38. Мемлекеттік сатып алу есептерінің жинақ деректерін қалыптастыру.
39. Облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру.
40. Өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңірлік есебін жүргізу.
41. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, қалпына келтіру, жөндеу және қүтіп ұстау жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
42. Облыстың коммуналдық меншігіне жататын жолдарды және жол кәсіпорындарын басқаруды жүзеге асыру.
43. Облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендердің көшелерін басқару.
44. Коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және қолдау.
45. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
46. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарларға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды іске асыру.
47. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының ұсталуына мемлекеттік бақылау жүргізу.
48. Жұмыс берушілермен ұсынылған ұжымдық келісімшарттың мониторингін жүзеге асыру.
49. Қазақстан Республикасы заңнамасынмен бекітілген тәртіпте өндірістегі жазатайым жағдайларға тергеулер жүргізу.
50. Жұмыс берушінің қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басқарушы жұмысшылардан және тұлғалардың біліміне тексеру жүргізу.
51. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмысшылардың, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің өтініштерін қарастыру.
52. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша тиісті ақпараттарды ұсыну.
53. Ауыр кемістіктері бар балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік көмекті ұйымдастыру мен көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру.
54. Азаматтарды және оралмандарды медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен, тегін медициналық көмекпен кепілдемелік көлем шеңберінде медициналық белгіленген заттармен қамтамасыз ету.
55. Бюджеттік мониторинг.
56. Мекеме тапсырыс беруші болып келетін объектілерде құрылыс тәртібін ұстануға, жүргізу барысына, атқарылған құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдауға бақылау жүргізу, бюджеттік қаражаттың игерілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру.
57. Сатып алу-сату шарттарының сақталуына бақылауды, жекешелендіру объектілерін сатып алу-сату шарттарын әзірлеуді және жасауды жүзеге асыру.
58. Соғыс қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын, тылда еңбек еткен, әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолына жеңілдіктер жасау жөнінде қосымша шаралар белгілеу.
59. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіру.
60. Туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға қатысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
61. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл.
62. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын бекітілген тәртіпте қарастыру.
63. Мемлекеттік тапсырыс аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік газет-журнал, аудио-визуалдық өнімнің талдауы мен мониторингін жүзеге асыру.
64. Тұрғындарды қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың таралуы туралы хабардар ету.
65. Жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісімшарттың орындалуын және әрекетін тоқтатуды қамтамасыз ету.
66. Пайдалы қазбаларды барлаудың, табудың, біріктіре барлаумен табуды жүргізу үшін келісімшарт құжаттары жобаларына экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу не оларға қосымша, барлау және (немесе) табуға байланысты емес, жер асты құрылысының құрылысын пайдалану және (немесе) құрылысы, сондай-ақ қатты және көпшілікке таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі.
67. Тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдалануы және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
68. Жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды береді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу.
69. Барлауға арналған келісімшарттарды қорытындылауды, тіркеуді және орындауды, табуға және қатар барлауға және кең таралған пайдалы қазбаларды табуды жүзеге асыру.
70. Өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.
71. Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру.
72. 2010-2014 жылдарға арналған индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобалардың іске асырылуына талдау жүргізу.
73. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде аяқтаған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
74. Өндірісітік травматизм, кәсіби сырқаттардың, кәсіби улану себептеріне талдау жүргізу және олардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
75. Еңбек шарттары бойынша өндірістік объектілердің аттестатталуына мониторингті жүзеге асыру.
76. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша ақпараттық жүйенің негізінде қауіпсіздік және еңбекті қорға мониторингінің кезеңдік есебін, сондай-ақ нәтижесін ұсыну.
77. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету.
78. Облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету.
79. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен, ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жөніндегі препараттарды тасымалдауды (жеткізуді) йымдастыру.
80. Спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты спорт-нұсқаушы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спортты санаттар мен разрядтар беру.
81. Өз құзыреті аясында шаруашылық қызметінің объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу.
82. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рқсаттар беру.
83. Қаже болған жағдайларда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісімдеу бойынша тарихи және мәдени ескерткіштерге байланысты тарихи және мәдени ескерткіштерді және қоршаған ортаны қорғау объектілерін қорғауды және пайдалануды жүзеге асыру.
84. Өз құзыреті шегінде мемлекет пен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскілерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.
85. Мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін дайындау.
86. Мамандандырылған және арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарынада экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру.
87. Ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен «қауіпті» скрининг нәтижесінде анықталған балалар тобын психологиялы-медицианлық-педагогикалық кеңеске жолдауды қамтамасыз ету.
88. Бекітілген тәртіпте жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті жұмыспен қамтуды жүзеге асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету.
89. Міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың барлық жеке жоспарлар сомасының, айлық төлемдер бойынша түсімдермен қаржыландырудың жинақ жоспарының, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік классификаторының әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша міндетті жинақ жоспарының сомасына сәйкестігін тексеру.
90. Өз құзыреті аясында жер учаскесін сатып алу-сату шарттарымен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
91. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау міндеттемелерін ресімдейді және оларды меншік иелері мен пайдаланушылардың орындауын бақылау.
92. Жеке және заңды тұлғалардың Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына қатысты өтініштерін қарастыру.
93. Облыстық (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) есепке алу, қорғау, консервациялау және қалпына келтіру, сондай-ақ тарихи ескерткіштерді материалдық және рухани мәдениетті пайдалану, елдің атақты мәдени қайраткерлерін мәңгі есте сақтау бойынша жұмыстар ұйымдастыру.
94. Жоғары және орта медициналық оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының клиникалық базасын ұсыну.
95. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды мониторингілеу.
96. Еңбек заңнамасын қолдану жөніндегі мәслелер бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
97. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, әлеуметтік және құқықтық кепілдерді қамтамасыз ету, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмір сүруін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды сақтау.
98. Өңірдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы аймақтық есептерді дайындау.
99. Кәселетке толмағандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымдарды, соның ішінде балалар құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ету және олардың қызметін мониторингілеу.
100. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте еңбек және тұрмыстық жағынан орналастыру, өзге де көмек көрсету шараларын қабылдау.
101. Жастар қоғамды бірлестіктері мен студенттер ұйымдарының қызметіне мониторинг және талдау жүргізу.
102. Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі ақпараттық-насихаттау жұмысын жүзеге асыру барысын үйлестіру.

2015-02-20 16:20:05

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда