Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың  31 наурыз айында барлық ауданның ауылдық округтерінде 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептерді жария талқылаулар өткізілді.

Жария талқылаулар барысында ауылдық округ әкімдерінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы есебі қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына сәйкес, ауылдық  округ әкімдері мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді:

   1.  «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»;

   2. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»;

   3. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».

Ауылдық округ әкімдері 2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету есебімен  қызмет алушылар мен мүдделі жеке және заңды тұлғаларды таныстырды.

      2016 жыл аралығында ауылдық округ әкімдерінің мерзімдерін бұзу жағдайлары мен қызмет алушылар тарапынан шағымдар болмаған. Қызметтер қатаң түрде бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі.

      Жария талқылаулар есебін қорытындылай келе мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында шешім етілді:

      1. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді уақытылы әрі сапалы көрсетілсін.

      2.  Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырсын.

      3. Тұрақты негізде ауыл округ әкімінің аппараты мамандарымен құқықтық жаппай оқытулар өткізілсін.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Ақорда