Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, селолық округтер әкімдері жылына бір реттен кем емес қызмет берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызмет туралы есепті көпшілікпен талқылайды.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 23 сәуірі мемлекеттік қызметтерді көрсететін ауданның барлық селолық округтері мен жеке бөлімдерінде 2017 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызмет туралы есеп көпшілікпен талқыланды.

Көпшілікпен талқылау барысында ауданның 12 селолық округ әкімдерінің аппараттары және 9 жеке бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептер қаралды.

Есептік кезеңіне Железин ауданының ЖАО 13496 қызмет көрсетілді. Соның ішінде қағаз түрінде – 1296 (Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілгеннен басқа), қағаз түрінде, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін – 9746, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 2454.

Сұранысқа жоғары мемлекеттік қызметтер:

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін тұлғаларға жолдама беру, ветеринарлық анықтаманы беру, жеке қосалқы шаруашылықтың бар екені туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар басшыларымен мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдеріне бақылау жүргізіледі. Тоқсан сайын облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметтерді дамыту және ішкі аудит бөліміне, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есеп ұсынылады.

Тыңдауларға «Нұр отан» партиясы аудандық филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қазымет көрсету орталығы» Железин аудандық бөлімшесінің өкілдері, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар, бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері, қызмет алушылар қатысты.

Қызметтер бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында көпшілік талқылау есептерінің соңында шешілді:

1. Халыққа мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету.

2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша түсіндіру шараларын тұрақты негізде жүргізу.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандармен құқықтық жаппай оқуларды тұрақты негізде жүргізу.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz