Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес  аудандардың  жергілікті  атқарушы органдары , селолық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге қызметті  берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен  жария талқылаулар жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы   есептерге  жария талқылаулар өткізу жергілікті атқарушы органдармен  қадағаланатын салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жоспарланған  және қабылданған іс-шаралар  туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария  талқылау  сондай-ақ қызметті берушілер қызметінің есеп берушілік және ашықтық, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы  және қолжетімділік қағидаттарын іске асыруды, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін үнемі жетілдіруді, оларды көрсету үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бейімделген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен,   «Железин ауданы Башмачин селолық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2018 жылы  мемлекеттік қызметтің  3 түрі көрсетілді.

2018 жылы барлығы 123 мемлекеттік қызмет  көрсетілген, оның ішінде:

1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін)   балаларды кезекке қою» - 19 қызмет;

2) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды     жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 88 қызмет;

3) «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, жер учаскелеріне құқықтар алу» -  16 қызмет.

Халықты  мемлекеттік   қызметтер көрсету  тәртібі және мерзімдері  туралы ақпараттандыру мақсатында   мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мерзімдері туралы бұқарадық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау жолымен  халықпен   түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында  селолық округ әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар, ол компьютермен, сканермен  және принтермен    жабдықталған. 

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы                                     2-тармағына сәйкес қызметті берушілер мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.  Селолық округ ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды     шақыру түймесі орнатылған.

Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. Құқықтық коллизиялар, сондай-ақ ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында  кемшіліктер  анықталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz