Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 23 бабына сәйкес,аудандардың жергілікті атқарушы  органдары,селолық округтің әкімдері жылына кемінде бір рет қызмет берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың  қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепті көпшілікте талқылауды өткізіп отырады.

        Осы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы жария  талқылаулар жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.

Көпшілік талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Есептік кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, "Ақтау селолық округі әкімінің аппараты" мм  2018 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 2018 жылы барлығы 58 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 7 қызмет;

2) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және қайта үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»- 5қызмет;

3) «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы анықтама беру туралы» - 46 қызмет.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халыққа  түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында селолық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар.

ҚР «Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 5-бабы, 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.  Әкімі аппаратының  ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға пандус орнатылды, 2019 жылы шақыру батырмасын орнату жоспарланған.

 Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ ҚР заңнамасында олқылықтар анықталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz