Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылаулар өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Железин ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сы 2019 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті.

2019 жылы мемлекеттік қызметтерге 25 өтініш білдірді, оның ішінде:

1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 5;

2) «Сауда - саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 10.

3) «Ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 10.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мерзімдері туралы мақалаларды жариялау арқылы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, сканермен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бар.

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР заңнамасында құқықтық қайшылықтар,  сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz